Қаз   Рус

Қазақстан халқының табиғи өсімі кеміп барады

16 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 15 Ноя 2017, 10:45

2017 жылдың 1 қазанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстан халқының саны 231 мың адамға көбейді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «2017 жылғы 1 қазанда еліміздегі халық саны 18 096,9 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар - 10 383, 3 мың (57,4%), ауылдықтар - 7 713,6 мың адам (42,6%). 2016 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға немесе 1,3% өсті», - делінген ведомство ақпаратында. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте дүниеге келгендер саны 293,3 мың адамды құраған. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 6,2 пайыз аз. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 18 мың адамға немесе 8,5 пайызға кеміп, 194,9 мың адамды құрады. Қарастырылып отырған кезең ішінде 98,4 мың адам өмірден озған. Бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,3 пайызға аз. 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейінгі 2386 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда, 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 13 пайызға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. Одан 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1195 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,1 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 574, тыныс органдары ауруларынан - 151  және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 129 нәресте қайтыс болды.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера