Қаз   Рус

Қазақстан аумағында жолда қалған 338 адам құтқарылды

12 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 23 Янв 2018, 14:30

ҚР ІІМ ТЖ комитеті бөлімшелерінің, жергілік полиция қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың, жол әрі коммуналдық қызметтерінің күшімен 22 қаңтарда еліміздің автожолдарынан 338 адам, оның ішінде 15 бала жылытылған орындарға жеткізілді.  Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Самара-Шымкент» жолының 1052 шақырымындағы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы аумағында техникалық ақауына байланысты тұрып қалған автобустың 53 жолаушысы (4 бала бар) жылыту бекетіне жеткізілді. Жолаушылар автобусы Шымкенттен Уфаға бағыт алған. Жолаушылардың 47-сі Өзбекстан азаматы, алтауы - ресейлік. Ал 3 жүргізуші Қазақстан азаматтары. Бұдан бөлек, «Астана-Петропавл» автожолының 54 шақырымында, яғни Ақмола облысы Шортанды ауданы аумағында жолда қалған автобустың 41 жолаушысы (2 бала бар) «Бозайғыр» елді мекеніне жеткізілді. «Петропавл-Сарыағаш» бағытындағы бұл автобустың жолаушылары Өзбекстанның азаматтары және екі жүргізуші Қазақстан азаматтары. Ақмола облысы Бұланды ауданында «Мерке-Түмен» бағытындағы жолаушылар автобусы техникалық ақаулары салдарынан жолда тоқтап қалған. Көліктегі 57 адам Макинск қаласына жеткізілді. Жолаушылардың барлығы Тәжікстан азаматтары. Ал Целиноград ауданы аумағында «Алматы-Екатеринбург» жолының 1275 шақырымында жолда қалған автобустың 15 жолаушысы, оның ішінде 5 бала Семенов орта мектебіне жеткізілді. Бұл адамдардың барлығы Қырғызстан азаматтары екені анықталды. Автобус жөнделгеннен кейін, қайтадан жолға шықты. Бурабай ауданында «Көкшетау-Щучинск» жолының бекетінен жергілікті полиция қызметінің сүйемелдеуімен Көкшетауға дейін 2 жолаушылар автобусы жеткізілді. Жолаушылар көліктері «Сарыағаш-Екатеринбург» бағытында жүрген. Салонда болған Өзбекстанның 50 азаматына қажетті көмек көрсетілді. Сонымен қатар «Астана-Омбы» бағдарындағы автобуста болған ресейлік 20 адам Көкшетаудағы қонақ үйлердің біріне орналастырылды. Мұнымен қоса, Целиноград ауданында «Алматы-Екатеринбург» жолының 1 304 шақырымында қалған үш автокөліктегі 13 адам жылыту орындарына жеткізілді. Бұдан бөлек, Қорғалжын ауданы  аумағындағы жолда көліктері тұрып қалған 20 жолаушының 11-і Қорғалжын елді мекеніндегі қонақ үйге, ал қалған 9 адам сол жердегі туыстарының үйлеріне орналастырылды. Зардап шеккендер жоқ.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера