Қаз   Рус

Атырауда адам ұрлағандар Түркістанда жасырынып жүрген

14 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 16 Янв 2018, 17:30

Атырауда адам ұрлаған екі күдікті Түркістан қаласында жасырынып жүрген жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Адам ұрлау дерегі осы жылдың 4 қаңтар күні орын алған болатын. Екі ер адам  Датов көшесінде 1990 жылы туған азаматты еркінен тыс ресейлік нөмірлі ВАЗ-2114 көлігіне отырғызып, ұрлап кеткен. Қаланың сыртына шығарып,  екі сағат бойына арматурамен ұрған. 600 мың теңге талап еткен. Айтқандарын орындата алмаған соң, оқиға орнынан бой тасалап кетіпті. Ал, ауыр дене жарақатын алған жәбірленуші полицияға арызданған. Тергеу шаралары кезінде адам ұрлағандардың тұлғасы анықталып, олардың бұрын сотты болған 1987 және 1990 жылы туған Атырау тұрғындары екені белгілі болды» дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.  Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде сезіктілердің Атырау қаласынан қашып кетіп, Оңтүстік Қазақстан облысы  аумағында жүргені анықталды. Тәртіп сақшылары адам ұрлаған екеуді   Түркістан қаласында қолға түсірді. Тергеу барысында күдіктілер Қырғызстанға шекара аспақ болғанын айтқан.  «Адам ұрлаушы сезіктілердің жоспары жүзеге аспай қалды. Оларды ұстау үшін сот тәжірибесінде алғаш рет бас шарасын қамауға алу туралы санкция бейнеконференция арқылы жүзеге асырылды»,- деді Назымгүл Қайсағалиева.  Екеуіне қатысты Қылмыстық кодекстің 125 бабы «Адам ұрлау» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер Атырау қаласына қарауыл жасағының арқылы жеткізілетін болады.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера