Қаз   Рус

Аттестация қорытындысы: Мыңнан аса мемлекеттік қызметші жоғары лауазымға тағайындалды

11 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 16 Янв 2018, 12:00

Аттестация қорытындысы бойынша 1 405 мемлекеттік қызметші жоғары тұрған қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестациясын жүргізу «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында ескерілген және бұл шаралар халыққа қызмет ету ұстанымдары бойынша Мемлекет басшысы белгілеп берген мақсатқа ықпал етеді. Алғаш рет аталған аттестация ауқымды түрде өткізіліп, «Б» корпусындағы барлық қызметшілерді қамтыды. Жалпы, 2017 жылы аттестациядан 66 853 мемлекеттік қызметші өтті», - делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарламасында. Атап айтқанда, жеке құзыреттілігіне жасалған бағалау барысында қызметшінің заңнама аясында мемлекет мен қоғамға қызмет етудегі адалдығы, этикасы және өзге де қасиеттері назарда болды. Тестілеу нәтижесінде орталық мемлекеттік органдардың жоғары басқарушы буыны қызметшілерінің арасында «шешім қабылдау» мен «қызметті тұтынушыға бағдарлану» құзыреттіліктері дамығандығы көрінген. Ал жергілікті атқарушы органдары басқарушыларында «сабырлық» пен «қызметті тұтынушыларды ақпараттандыру» құзыреттері айқын байқалады. Сонымен қатар ары қарай дамуды қажет ететін қызметтік өкілеттіктер анықталды. Мәселен, министрлік қызметшілері «ынтымақтастық» құзыретін тиісті деңгейде көрсетпей отыр, яғни бұл мәселе мүдделі тараптармен конструктивті өзара қатынастарды құруға байланысты. Сонымен қатар өңірлік қызметшілерде көбіне «өзін-өзі дамыту» күш-жігері жеткіліксіздеу. «Қазіргі кезде ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы жеке қызметтік өкілеттікті дамыту бойынша бағдарламаларды әзірледі және олар  басқарудың деңгейіне қарай сараланған. Бұл бағдарламалар аясында оқыту шаралары биыл мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру аясында басталады», - деп нақтылады Агенттік. Жалпы , аттестация қорытындысы бойынша 61 115-і атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді, 4 851 адам қызметін жоғарылатуға, 747 адам төмендетуге, сондай-ақ 140 адам қызметінен босатылуға ұсынылды. «Бүгінде аттестациялық комиссияның шешімдері негізінде 1 405 қызметші мансаптық сатыда жоғарылап, жоғары тұрған қызметке тағайындалды», - дейді ведомство өкілдері.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера