Қаз   Рус

Ақтөбеліктер құқықбұзушылық туралы ақпарат үшін сыйақы алады

12 қаралды
0
Понедельник, 15 Янв 2018, 16:00

Ақтөбеде полицейлердің 1 мыңнан астам қоғамдық көмекшісі бар. Оларға өткен жылы 2 миллион теңге сыйақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбеде полиция қызметкерлері қарапайым адамдардың көмегіне мұқтаж. Себебі, өңірде 50 полицейдің орны бос тұр. Қазіргі кезде аула ішіндегі қылмыстың дер кезінде ашылуына қарапайым адамдар жиі көмектеседі. «Қоғамдық көмекшілердің арнайы куәлігі бар. Олар аула ішінде, қоғамдық орындарда тәртіп бұзған адамдарды көрсе, полицияға хабар береді. Өткен жылы оларға жергілікті атқарушы органнан 2 миллион теңге бөлінді. Белсенді азаматтарға сыйақы, алғыс хат беріледі»,- деді Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев. Сонымен қатар, ірі өндіріс орындарының жұмысшылары мен жоғары, арнаулы оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізіліп, полицияға көмек көрсету туралы меморандумға қол қойылды. Олар қоғамдық қауіпсіздікті бақылап, қандай да бір құқықбұзушылықты анықтаған жағдайда  полицияға хабар беруге келісім берді. Қазіргі кезде жергілік атқарушы органдар қала ішіндегі аулаларға бейнекамера орнату жұмысын қолға алды. Биыл ондай жерлерге 140 камера қондырылады. Сонымен қатар, көше қауіпсіздігі мен жол ережесінің сақталуын бақылайтын 30 камера орнатылады. Полиция қызметкерлері бұл шара қылмыстың алдын алуға, күдіктілерді дер кезінде ұстауға септігін тигізетініне сенімді. Бейнекамера Хромтау, Мұғалжар, Алға аудандарына да қойылады. Бұл аудандарда да қылмыс жиі тіркеледі.  


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера