Қаз   Рус

Ақтөбелік дизайнер қазақтың ұлттық киімін шетелге апарады

20 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 05 Фев 2018, 10:30

Ақтөбелік кәсіпкер Сабина Жанзақова екі жылдан бері ұлттық киімдер тігіп, шетелдегі сән көрсетілімдеріне қатысып жүр. Үздіктер қатарына іліккен дизайнер жыл сайын бірнеше елден шақырту алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Тұрмысқа шығып, өзгелерден ерекше сәндегі көйлек кигісі келген Сабина Жанзақова мата алып, тігіншіге барады. Бірақ шеберлер той көйлегін тігуден бас тартқан. Сол кезде дизайнер Сәбина Жанзақова арнайы сызбасын дайындап, көңілі қалаған көйлекті киді. Адамдардың таңданысын тудырған жаңа сән сұранысқа ие болып, ол ұлттық киім тігуді қолға алды. Қазір әлемнің әр түкпірінде болып жатқан сән көрсетілімдеріне қатысады. Ол ересек адамдарға, балаларға киім тігеді.

«Ақтөбеліктер той көйлектеріне жиі тапсырыс береді. Жас келінге арналған көйлектің бәрінде ұлттық ою-өрнегіміз бар. Балалардың киіміне де сұраныс жоғары. Мен Қазақстан, Ақтөбе атынан шетелге барып, өнер көрсететін балаларды киіндіремін. Әнші, биші балалар үшін ұлттық киім заманауи үлгіде тігілуі керек. Сонымен қатар, халықаралық көрмелерге арнайы дайындаймыз. Таяуда Сунь Ксения Грузияда өткен халықаралық конкурсқа қатысып, І орынды жеңіп алды. Өзіме балалармен жұмыс істеген ұнайды»,- деді кәсіпкер Сабина Жанзақова.

Ақтөбелік тігіншілер мен дизайнерлер үшін мата жеткізу қиын. Ал дүкендердегі баға қымбат. Сондықтан кейде ұлттық өнім өте қымбатқа шығады. Мата жеткізу, тапсырыс беру кезінде кәсіпкерлерге әкімдік көмек берсе, ұлттық киімнің де сұранысы артады деген сенімде кәсіпкер.

«Сәукеле моншақтары арнайы тігіледі. Мәселен, моншақпен өрілген жасыл сәукелені 1 ай тігуге тура келді. Бұл шыдамдылық пен ұқыптылықты қажет ететін жұмыс. Соңғы жылдары адамдар ұлттық киімге әуес, қызығушылық артты. Бұрын іздеп, таба алмайтын еді. Біз оны тігуді ұсынамыз. Тіпті, келінге арналған оюлы орамал да сұраныста бар. Алдымен өзіме деп тігіп, кейін достарым, таныстарымның сұранысы артты. Жалға беруге сұрады, қайдан алғаным қызықтырды. Содан кейін ұлттық киім тігетін ателье ашуды жоспарладым. Сұраныс көп, жастар қызығады. Дін жолындағы қыздар да сәнді киім киюді қалайды. Ұлттық нақышпен тігіп береміз», - деді Сабина Жанзақова.

Дизайнер әрі тігінші шетелге жиі шығып, сән көрсетіліміне барады. Қазақтың ұлттық киіміне қызығушылар саны артып келе жатқанын қуана жеткізген кәсіпкер алдағы уақытта Грузияны бағындырмақ.

«Соңғы рет Дубайға бардық. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қызыл кілеммен 4 рет жүріп өтті. Себебі, бұл сән көрсетіліміне келген көрерменнің сұранысы болды. Бәрі суретке түсіріп, балалармен тілдесті. Қазақтың ұлттық киімі өте әдемі және бай. Грузияда өткен шеберлік сабағына қатысқан кезде маған ешкім көңіл аудармады. Ең жасы мен болдым. Соңғы күні әр ателье өз киімдерін таныстырды. Сол кезде бәрі таңырқап, фотосессия жасалды. Өкінішке қарай, мен тіккен көйлек грузин қыздарына сай келмей, өзім киім фотосессиясын жасадым. Сәнгер болып, қаланы араладым. Сапар кезінде көктемде өтетін сән көрсетіліміне шақырту алдым. Барып, Қазақстанды танытқым келеді»,- деді ол.

Испания, Италия, БАӘ-де өткен сән көрсетілімдеріне қатысып, балалардың ұлттық киімі бас жүлдені алды. Ендігі арманы - Грузияда өтетін сән апталығына қатысып, жеңіске жету.

«Өзім дизайнын сызып, тігемін. Сонымен қатар, 6 тігіншіні жұмысқа алдым. Олардың арасында көйлекке қажетті декоративті бұйымдар тігетін, сәукелені моншақпен көркемдейтін тігіншілер бар. Бәрін өзім бақылап отырамын. Күнде жұмыс, тапсырыс. Түнгі 2-де, таңғы 8-де тапсырысты бітіріп жатамыз. Соңғы уақытты өнер адамдары тапсырыс беріп жүр. Біз тәж, сырға дайындап бере аламыз. Әлеуметтік желіде арнайы парақша бар. Бірақ ұлттық киімдер түсірілген сурет адамдарға өтімсіз. Оны киіп, сырғаны тағып жүру керек. Сол кезде адамдар қызығады, сұрай, сатып алады. Сән апталығына барғанда сол сәтте сатып алатын жағдай кездеседі», - деді кәсіпкер.

Сабина Жанзақова өз киімдерінің үлгісін «Күнкей» деп атады. Анасы кішкентайында еркелетіп, қызына Күнкей деп ат қойған. Сән әлемінің жас дизайнері де ұлттық киім тігуді қолға алғанда бірден мән-мағынасы терең брендті таңдады. Дизайнер жергілікті сәнгерлермен бірге жұмыс істеп, шетелдегі сән апталықтарына жиі баруды мақсат етіп отыр.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера