Қаз   Рус

Ақтөбеде жазасын өтеуші анасының бейітін іздеу үшін түрмеден қашқан

18 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 17 Ноя 2017, 10:00

Ақтөбедегі қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген Юрий Аверьянов анасының бейітін іздеу үшін қашып кеткен. Полиция оны мал бағып жүрген жерінен тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Юрий Аверьянов Шығыс Қазақстан облысында туып-өсіп, Орал қаласында істі болды. Жазасының соңғы жылын Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында, Ақтөбе қаласындағы қоныс колониясында өтеді. 33 жастағы жазасын өтеуші «ҚазАдалҚұрылыс» компаниясында жұмыс істеп жүрген кезде анасының бейітін ізеуге шығып кеткен. Іс материалына сүйенсек, жазасын өтеуші таңертең жұмысқа барып, қоныс колониясына кешкілік қайта оралмаған. Ол үйіне оралып, анасының бейітіне бармақ болды. Юрий Аверьянов Ақтөбе облысы, Жем қаласындағы түрмеде жазасын өтеп отырған кезде анасы көз жұмған және оның қай жерде жерленгені туралы ешқандай ақпарат білмейді. Жаяу жолға шыққан ол Самара-Шымкент тасжолымен Хромтау ауданының Бөгетсай ауылына барады. Дүкенге кірген кезде бейтаныс әйел мал бағып, жұмыс істеуді ұсынады. Жазасын өтеуші бұл ұсынысты қабылдаған. Сот отырысы кезінде жазасын өтеуші Юрий Аверьянов кінәсін толық мойындап, өз ісі үшін өкінетінін жеткізді. «Юрий Аверьянов Қылмыстық кодекстің «Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден жалтару» бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Бұрынғы қылмысының жазасы өтелмеген тағы 1 айы қосылып, 7 айға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын өтеуші сот залынан қамауға алынсын. Юрий Аверьянов жазасын қауіптілігі жоғары түзету мекемесінде өтейді»,- деді судья Гүлнар Тлепова. Сот үкімі күшіне енген жоқ. 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера