Қаз   Рус

Ақтөбеде жас жігітті ұрып, саңырау еткен учаскелік полицейге үкім шықты

11 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 09 Фев 2018, 15:30

Дәмханада сүйіктісімен отырған жас жігітті ұрып, есінен таңдырған ақтөбелік полиция қызметкеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 жастағы Аслан Сәрсенғалиев Ақтөбе қаласындағы дәмханалардың біріне сүйіктісімен кездесуге барған. Сол демалыс орнында болған полиция қызметкері Айбек Алишев жәбірленуші Аслан Сәрсенғалиевтің жанындағы қызды биге шақырған. Екі жігіт арасындағы даудан төбелес шығып, бірі соққыға жығылды. Алғашында үйіне барып, кейін аурухананың жансақтау бөліміне түскен Аслан Сәрсенғалиевтің құлағы мүлде естімей қалған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, құлағы естімей қалған жас жігіттің сөйлеу қабілеті де жоғалып барады.

Алғашында Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалып, кейін іс материалдары «Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру» бабына ауыстырылды. Айта кетейік, сот отырысы кезінде жәбірленуші Аслан Сәрсенғалиев өзін ұрған полиция қызметкерін кешіретінін, денсаулығына келтірілген шығын толық өтелгенін айтты. Тіпті, сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

«Айбек Алишев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 114-бабы 3-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған пробациялық бақылау белгілеумен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Айбек Алишевтің кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы жойылсын»,- деп оқыды үкімді судья Р.Күзенбаева. Сонымен қатар сотталушы Темір аудандық пробация қызметінің рұқсатынсыз ойын-сауық мекемелеріне бара алмайды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.