Қаз   Рус

Ақтөбеде қонаққа асылатын ет топтамасы шығарылып жатыр

69 қаралды
0
Понедельник, 19 Фев 2018, 11:30

Бұл елімізде алғаш рет қолға алынған жоба

Ақтөбенің Шалқар ауданында қазақтың салт-дәстүріне негізделіп, сыйлы қонаққа асылатын ет топтамасы шығарылып жатыр. Бұл - елімізде алғаш рет қолға алынған жоба. Жаңа комбинаттың жұмысымен өңір басшысы Бердібек Сапарбаев танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметімен сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев іссапармен Шалқар ауданына барды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысының прокуроры Марат Кайбжанов, облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай және мемлекеттік мекеме басшылары аудан, ауыл халқымен кездесті. Қазіргі уақытта ауданда «Шалқар еті» ет өңдеу комбинаты жұмыс істеп тұр. Байқадам ауылындағы «Нұралы» шаруа қожалығына тиесілі комбинаттың өз ерекшелігі бар. Мұнда ата-дәстүрмен әр сыйлы қонаққа арналған ет бөлшектеліп сатылады.

«Елімізде алғаш рет әр адамға арналған сыбағаны шығарып жатырмыз. Ет асқан кезде адамдар кімге қандай мүше тарту етеміз, қанша адамға ет жетеді деп ойланбайды. Біз шығарған қораптың ішінде арнайы сыбаға бар. Оның кімдерге арналғаны корабында жазулы тұр. Қазір адамдар табақ тартудың жолдарын ұмытып барады. Сондықтан жаңа өнімді ата-дәстүрді жаңғыртып, ыңғайлы етіп шығардық. Сұранысқа ие болады деген сенім бар», - деді ет комбинатының жетекшісі Бердібек Шәкірұлы.

Айта кетейік, мұнда жылына 1800 тонна ет өнімі шығарылады. Шаруашылықта 600 бас ірі қара мал бар. Сонымен қатар, қазы, тұшпара, тартылған ет те арнайы қорапқа салынған. Жаңа комбинат жұмысымен танысқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев тек Шалқар ауданының ғана емес, өзге өңірдің шаруаларымен бірлесе жұмыс істеп, ет өңдеу көлемін арттыруды тапсырды.

«Мал басын арттыру керек. Өкінішке қарай, өткен жылы Шалқар ауданында мал басы азайып кеткен. «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары да толық орындалмады. Сондықтан бірлесе жұмыс істеп, ата кәсіпті дамыту керек», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.