Қаз   Рус

Ақтаудан Шымкентке бағыт алған ұшақ Таразға қонуға мәжбүр болды

16 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 21 Дек 2017, 10:30

«Бек Эйр» әуе компаниясының Ақтау - Шымкент бағытымен ұшқан ұшағы Тараздың «Әулие Ата» әуежайына қонды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «20 желтоқсан күні - «Бек Эйр» әуе компаниясының Ақтау - Шымкент бағытымен ұшып, одан кейін Алматыға бет алған №Z9-2226 рейсі, қолайсыз ауа райына байланысты, Тараз қаласының «Әлие Ата» әуежайына қонуға мәжбүр болды», - дейді «Әулие Ата» Халықаралық әуежайы» АҚ пиар-менеджері Юлия Егорова. Оның сөзіне қарағанда, авиатасымалдаушы осы бағытпен Шымкенттен Алматыға ұшуы тиіс жолаушыларды автобуспен жеткізіп салуға шешім қабылдаған. «Әулие Ата» әуежайы «Бек Эйр» өкілдеріне Тараз әуежайындағы жолаушылардың орналасуы мен тамақтануын ұйымдастыруды ұсынды, бірақ авиатасымалдаушы әуежайдың көмегінен бас тартты», - дейді ол. Юлия Егорованың айтуынша, Шымкенттен шыққан жолаушылардың жетуін екі жарым сағат күтуге мәжбүр болған жолаушылар наразылықтарын білдірген. Шымкентте екі аптадан бері қалың тұман сейілмей тұр, бұл жайт әуежай қызметіне әсерін тигізуде. Осы орайда айта кетелік, ҚР «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына сәйкес, рейс басқа уақытқа ауыстырылғанда немесе кешіккенде авиатасымалдаушы жолаушылардың күтуіне тиісті жағдайларды жасауға міндетті. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әуе компаниясына осы жағдай жөнінен пікір білдіруін сұрап, сауал жолдады.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера