Қаз   Рус

Асық ату ЮНЕСКО мәдени мұралар тізіміне енеді

23 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 23 Ноя 2017, 16:45

Асық ату ойыны ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енетін болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаеваның сөзіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. «2016 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары жөніндегі комитетінің шешіміне сәйкес, Қазақ күресі және Саятшылық өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезетантивтік тізіміне енген болатын. Бүгінгі таңда Ұлттық спорт түрлерінің ішінде аталған тізімге асық ату ойынын енгізу мәселесі күн тәртібінде тұр. Үстіміздегі жылдың 4-9 желтоқсаны аралығында Оңтүстік Корея Республикасының Чеджу қаласында үкіметаралық материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі комитетінің 12 сессиясы өтеді. Осы сессияда аталған тізімге жаңа элементтерді енгізу мәселесі қаралады», – дейді Раухан Тоғымбаева.

Оның айтуынша, Қазақстан тарапынан сессия шеңберінде асық ату ойынын осы тізімге енгізу туралы өтінім дайындалған. 3-6 желтоқсанда сессия аясында Орталық Азия елдерінің материалдық емес мәдени мұраларының таныстырылымына арналған Азия-Тынық мұхит аралығындағы материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі халықаралық желі орталығының көрмесі өтеді. «Сол көрмеде Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұраларына арналған бөлім болмақ. Соның аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің екі өкілі асық ату ойынын материалдық емес мәдени мұралардың қатарына қосу үшін қорғауға барады», - дейді Раухан Тоғымбаева.

Айта кетсек, Қазақстанда ұлттық спорт түрлері бойныша 7 мамандандырылған клуб және 9 мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істейді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера