Қаз   Рус

Астананың 3 жылдық бюджеті бекітілді

10 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 12 Дек 2017, 16:00

Бүгін Астана қалалық мәслихатының кезекті сессиясында елорданың 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорданың үшжылдық бюджетін таныстырған Астана қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егембердінің айтуынша,  оның жалпы сомасы 997 млрд теңгені құрайды. Аталған соманың 369 млрд теңгесі 2018 жылы, 320 млрд теңгесі 2019 жылы және 308 млрд теңгесі 2020 жылы жұмсалатын болады. Ал 2018 жылға жоспарланған қаражаттың 124 млрд теңгесі әлеуметтік салаға арналған. Оның 47 млрд теңгесі білім саласына, 9,5 млрд теңгесі жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау мәселелеріне жұмсалады. Мұнан бөлек, шамамен 218 мың азаматқа әлеуметтік көмек көрсетуге 2,8 млрд теңге бөлініп отыр. Денсаулық сақтау саласына 30 млрд теңге қарастырылған. Ал спорт саласына бөлінетін қаражат көлемі 16,6 млрд теңге мөлшерінде болмақ. «Елордадағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 10 млрд теңге бөлінеді. Оның 8 млрд теңгесі түрлі бөлімшелердің қызметкерлеріне жалақы төлеуге және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалады. 21 млрд теңге қаражатты Жолаушылар көлігі басқармасына бөлу көзделген»,-  деді ол. Ал Автомобиль жолдары басқармасына 42,6 млрд теңге жұмсалады. Мұнан бөлек,  Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына 4 млрд, Қаржы басқармасына 27 млрд, Коммуналдық шаруашылық басқармасына 21 млрд, Тұрғын үй басқармасына 4,9 млрд, Құрылыс басқармасына 37 млрд  теңге бөлінеді.  


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера