Қаз   Рус

Астананың 27 мектеп асханасында бұзушылықтар анықталды

11 қаралды
0
kaztag.kz
Вторник, 26 Дек 2017, 13:00

Астананың 27 білім беру мекемесінде мектептегі тамақтану саласындағы бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Хабарда атап көрсетілгендей, мәслихат депутаттары, тұтынушылар құқығын қорғау сарапшылары және білім беру мекемелерінің өкілдері орта мектеп оқушыларының дұрыс тамақтану мәселесін талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Спикерлер мектеп асханаларындағы тамақтың сапасы мен рационына қатысты мәселе қозғады.

«Жеке кәсіпкерлермен қызмет көрсетілетін мектеп асханаларында мәзірдегі тамақтар талапқа сай келе бермейді. Тағамдар дайындалғанда олқылықтарға жол беріледі, технологиялар көп жағдайда сақталмайды, тамақтың салмағы сай келмейді. Жыл сайын қызмет көрсетуші компания ауысатындықтан ол аталған салада қажетті тәжірибе жинақтап үлгере алмайды», - деді «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау бірлестігі төрағасының орынбасары Тұрсын Жағыпарова.

Оның айтуынша, қаладағы 47 мектепке тексеріс жүргізіліп, оның 27-нен өрескел бұзушылық анықталды.

Осыған орай қоғамдық белсенділер тиісті органдарға ата-аналар мен ҮЕҰ бірлесіп мектеп асханасындағы тамақтың сапасына қатысты сараптама жүргізіп, қажетті шара қабылдау үшін бақылаушы органдарға жіберу керек деген пікірде. Сондай-ақ спикер мектеп асханаларындағы бағаның қымбат екенін де атап өтті.

«Картоп қосылған бәліш - 100 теңге, ал компот - 80 теңге. Соңғысының бағасы төмен екенін ескеріп, мектеп асханасындағы бағаның шегін белгілеу керек. Бұған қоса, тегін тамақтану сомасын 319 теңгеден 400-450 теңге дейін көтеріп, төртапталық ас мәзірін қайта қарау қажет. Бұл ретте мектептік тамақтану комбинатын құру қажеттілігі туындайды», - деді ол.

Айта кетейік, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасына мектептік тамақтануды жетілдіру шаралары енгізілді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 2020 жылы Астана мен Алматы және облыс орталықтарында 16 энергоүнемдеуші мектептік тамақтану комбинатын салу жоспарланып отыр

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера