Қаз   Рус

Астаналықтарға аялдамада ыстық шай беріліп жатыр

23 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 23 Янв 2018, 17:00

Сарышұнақ аязда жастар ресурстық орталығының еріктілері тоңып қалған астаналықтарға аялдамаларда ыстық шай ұсына бастады. Бұған қоса еріктілер адамдарды жұмысына дейін жеткізіп тастауға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері аязды күні осылай жұртқа мейірімділік көрсетіп жатыр. Сақылдаған сары аязда аялдамада автобус күтіп қалған елордалықтар ыстық кофе мен шай ішіп бой жылытып, қайырымды жастарға алғыстарын білдіруде. Аялдамаға жеткеннен кейін белсенділер жұмысқа дейін жеткізіп тастайтындарын айтып, хабар береді. «Біз бүгін таңертең сағат жетіден тоғызға дейін қалалықтарға жұмыстарына жетіп алуға көмектестік. Кешкі сағат бес пен жетілер арасында тағы жолға шығуды көздеп отырмыз. Үш автокөлігіміз бен бір «Газеліміз» бар.

Тұрғындар тегін апарып тастайтынымызға таңданып жатса да, кейін алғыстарын жаудырады», - дейді «Астана Жастары» орталығының директоры Мұхамеджан Болысбек. Оның айтуынша, белсенділер ауысым бойынша 15 адамнан жұмыс істеп жүр. «Еріктілер ретінде көбінесе колледж бен университеттердің студенттері көмектеседі. Біздің орталықтың белсенділері бар. Біз адамдарға көмектескіміз келеді», - дейді ол. Айта кетсек, аталған науқан «Астана - жақсылық қаласы» жобасы аясында 26 қаңтарға дейін созылмақ. Еске сала кетсек, аязға байланысты Астананың мешіттері де мұқтаж адамдарға арнап тегін такси қызметін ұйымдастырды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера