Елордадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалының базасында жаңа автовокзал ашылады
Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалының базасында жаңа автовокзал ашылады. Бұл жайлы «Астана ЛРТ» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Біз жаңадан салынған теміржол вокзалының базасында келер жылы автовокзал да ашуды жоспарлап отырмыз», - дейді Б. Игенбердинов. Оның сөзіне қарағанда, осындай екі көлік орталығы Астанада өткен ЭКСПО кезінде ашылған. Атап айтқанда, елордада «Алай Астра» және «Кеңмарт-Астра» автостанциялары жұмыс істеген болатын.