Қаз   Рус

Астанада тегін дәрі-дәрмектердің тізімі 30 пайызға өсті

9 қаралды
0
kaztag.kz
Вторник, 09 Янв 2018, 17:00

Астанадағы тегін дәрі-дәрмектер тізімі 30% -ға өсті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарда айтылғандай, қалалық әкімдік медициналық тегін жәрдемнің кепілді көлемі шеңберінде, амбулаторлық дәрілермен қамтамасыз ету туралы ақпаратты таратты.

« Астанаға бөлінген 2018 жылғы республикалық бюджеттен 7,6 млрд теңге көлемінде 119 мың науқасты қамтамасыз ету үшін лимит бөлінді, сол себепті тегін препараттардың тізімі 30% ұлғайды және Астана қаласындағы емханалар берген өтініштің бюджеті 12 млрд теңгені құрады, соған сай бюджеттің жетіспеушілігі 4,4 млрд теңгені құрайды», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

2017 жылы тегін амбулаториялық қамтамасыз ету шеңберінде жазып берілген және 8,7 млрд теңгенің емдік препараты игерілді, алайда бұл Астана қаласы тұрғындарының сұранысын толығымен қамти алмады. 2017 жылы 98,5 мың адам қамтамасыз етілді, бұл 2016 жылға қарағанда 8,5 мың адамға көп.

Бүгінде «СК-Фармация» (әрі қарай «СК-Фармация» ЖШС) жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен емханалар арасында дәрілерді кешіктіріп жеткізу қаупіне байланысты халықты амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша келісімшарт жасалған жоқ.

Емдік дәрілерді кешіктіріп жеткізуді болдырмау үшін «Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі халықтың диспансерлік тобын қажетті емдік препараттармен қамтамасыз ету бойынша (2017 жылдың лимит шегіне дейін) 2018 жылдың қаңтар айының соңына дейін тиісті шараны қолдануда.

«СК-Фармация» ЖШС қоймада жатқан емдік препараттарды өз уақытында жеткізбейтін болса, қала емханаларында мәселен сындарлы жағдайда Астана қаласы тұрғындарының әлеуметтік наразылығын тудыруы мүмкін.

Амбулаторлық дәрілермен қамтамасыз етудің шығыны азайту мен дәрілік заттардың қолжетімді болуын жоғарылату үшін «МФК «Гиппократ» ЖШС дәнекер болудан бас тартуына байланысты емдік дәрілерді мемлекеттік емханалардың дәріханасы арқылы беру туралы шешім қабылданды. Аталмыш шара халықты дәрімен қамтамасыз етуге және бюджетті бір миллиард теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера