Қаз   Рус

Астанада бас шырша жағылды

29 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 19 Дек 2017, 10:30

ЭКСПО» көрмесі аумағында еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, бұл дәстүрлі шара жыл сайын өткізіледі. Биылғы жылы құрылған еліміздің бас шыршасы «Нұр Әлемнің» жанында орналасты. Атап айтқанда, Жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағу рәсіміне Астана әкімі Әсет Исекешев қатысты. Шара барысында мерекелік бағдарламадан басқа, «ЭКСПО» көрмесі аумағына жиналған жұртшылық отшашуды тамашалады.

Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталинаның сөзіне қарағанда, бас шырша орналасатын жерді таңдау символдық мәнге ие болып отыр. «Бұл дәстүрлі шара болғандықтан, біз жыл сайын еліміздің бас шыршасының шамдарын салтанатты түрде жағамыз. Шыршаның осы жерде орнатылуы кездейсоқ емес әрі символдық мәнге ие. Себебі жақында ған осы аумақта «ЭКСПО» көрмесі өтті. Өздеріңіз байқағандай, бұл алаң ел тұрғындары үшін маңызды болып отыр, сондықтан елміздің бас шыршасының шамдарын «ЭКСПО» аумағында жағу шешімі жасалды», -деп атап өтті ол. Аталған басқарманың мәліметіне қарағанда, еліміздің басты Жаңа жылдық шыршасы 200 мың жарқылдаған шаммен және 6000 шармен безендірілді, бұдан басқа жарқылдаған ілмектер мен әдемі жылтырақтар, қар бүршіктері ілінді. Шыршаның биіктігі - 25 метр. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан ең ірі мұз қалашығы ашылды.   Бұдан бұрын хабарланғандай,  салтанатты шараны тамашалауға келген жұршылық үшін «I'm a Singer Kazakhstan» жобасы финалистерінің жанды дауыстағы әндері шырқалады. Қонақ ретінде Ringo тобы өнерін көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, Әсет Исекешов өзінің Facebook-тегі парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын еліміздің бас шыршасының шамдарын жағуға шақырған болатын.   Ал бұған дейін Әсет Исекешов жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнінен соң басталатындығын айтқан еді. Жаңа жылды мерекелеу мақсатында шаһарда 25 жаңа жылдық шырша, 12 хоккей алаңы, 15 мұз айдыны, 10 мұз төмпешігі, 2 мұз қалашығы («Astana ЕХPO-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ аумағында және Астана қалалық әкімдігі ғимараты алдындағы алаңда) бой көтереді.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера