Қаз   Рус

Астанада аудан әкімінің бұрынғы орынбасары 9 жылға сотталды

15 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 18 Янв 2018, 10:30

Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Риза Акчурин 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап. «Акчурин Риза Әнуарұлына мүлкін тәркілей отырып, тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық жолмен алынған Toyota Highlander маркалы көлігі тәркіленсін», - делінген № 2 Сарыарқа аудандық сотының үкімінде. Сондай-ақ ол мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда лауазымды қызметтерді иелену құқығынан өмір бойына айырылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемесінде өтейтін болады. Іс материалдарына сәйкес, Риза Акчурин бюджеттің 122 млн теңгесін жымқырған. «Акчурин Р.Ә. мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті лауазымды тұлға бола тұра, 2015-2016 жылдары жалпы сомасы 122 127 221,4 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды. Осылайша, лауазымды қызметін пайдалана отырып, адамдардың бір тобымен алдын ала сөз байласып, сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемденген», - делінген үкімде. Атап өтілгендей, аса ірі көлемдегі мемлекет қаражаты «СБС-Снаб Сервис» ЖШС және «Install СервисCom» ЖШС компанияларын пайдалана отырып иемделген. Еске салайық, Риза Акчурин 2017 жылдың қаңтар айында ұсталған болатын. Оған Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Астана Тазалық» ЖШС-ның бас директоры А.Басқанбаевпен қылмыстық ымыраға келе отырып, «СБС-Снаб-Сервис» және «Install Service Com» жауапкершілігі шектеулі серіктестерін құрған және 2016 жылы 1,8 млрд. теңге сомаға мемлекеттік сатып алулар конкурсын жеңіп алуларын заңсыз қамтамасыз етті деген күдік келтірілген болатын. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера