Қаз   Рус

Астанада АИТВ-ты жаңадан 193 адам жұқтырған

13 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 17 Ноя 2017, 17:00

Елордада жыл басынан бері АИТВ (ВИЧ) індетін жұқтырудың 193 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін Астанада 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке (СПИД) қарсы күрес күніне орай баспасөз мәслихаты өтті. Астана қалалық ЖИТС орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымовтың келтірген дерегіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 2 миллионға жуық адам АИТВ жұқпасын жұқтырады. Алғаш анықталған күннен бүгінге дейін дүниежүзінде 76 миллион адам АИТВ-ға шалдығып, 35 миллион адам осы аурудан көз жұмды.

Ал Астана қаласында АИТВ-ны жұқтырған алғашқы адам 1997 жылы тіркелген. Содан бері 20 жыл ішінде 1418 адам инфекцияланған. «Инфекцияны жұқтырушылардың дені 15-49 жас аралығындағы адамдар. Өкінішке қарай, соңғы жылдары жыныстық жолмен жұқтыру саны артып келеді. Біз бұған дейін індетті жұқтырғандар әлеуметтік жағдайы төмен ортадан екенін айтып келсек, қазір жұмысы бар, жағдайы жақсы адамдар да тіркеуде тұр. Орталығымызда тіркелген науқастардың барлығы мамандардың жіті бақылауында, уақтылы дәрі-дәрмектерін қабылдап, арнайы мамандар олармен жеке жұмыс жүргізеді», - деп атап өтті Сәбит Әбдірайымов.

БҰҰ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай акция өткізуде. Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы аталмыш кампанияға қосыла отырып, 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша айлық жариялады. «Айлық шеңберінде қала тұрғындарын, әсіресе жастарды АИТВ туралы көбірек білуге, алдын алу шараларын сақтауға, тестілеуден өтуге шақырамыз», - дейді орталықтың бас дәрігері. Мекеме мәліметіне сәйкес, соңғы жылдары АИТВ жұқпасы бар анадан дені сау нәрестелер дүниеге келіп жатыр. Індетті емдеудегі соңғы жаңалықтардың бірі - науқас АРВ-терапияны тұрақты қабылдап, ағзадағы вирустың мөлшерін анықталмайтын деңгейге дейін төмендетсе, оның жыныстық серігіне індет жұқпайды. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера