«Астана» футболдан Еуропа Лигасының 1/18 финалында португалиялық «Спортингтен» жеңілді
«Астана» футболдан Еуропа Лигасының 1/18 финалында португалиялық «Спортингтен» жеңілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Командалардың бірінші кездесуі Қазақстан астанасында өтіп, 3:1 есебімен португалиялық клубтың пайдасына шешілген еді.
Алаң иелері арасында 7-ші минутта Марин Томасов гол соқты. Қонақтар арасында екінші таймда Бруно Фернандеш (48-пенальти), Желсон Мартинш (50) және Сейду Думбия (56) гол соқты.
Командалардың жауапты матчы ақпан айының 22-нен 23-не қараған түні Лиссабонде өтеді, алайда «Астана» командасында 1/8 финалға шығатын еш мүмкіндік қалмады.