Қаз   Рус

«Астана Опера» Еуропаға гастрольдік сапармен барады

6 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 14 Дек 2017, 11:00

«Астана Опера» 22 және 23 желтоқсан күндері Мажарстанға жол тартады. Театр труппасы ел астанасы Будепештте және Печ қаласында өнер көрсетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат театрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызықты концерттік бағдарламаны Ференц Лист Музыкалық академиясының атақты концерт залында және ұлы мажар композиторы Золтан Кодай атындағы әйгілі концерт залында ұсынады (Kodaly Center, Печ). Көрерменге ұлттық және әлемдік классикалық репертуар нөмірлері ұсынылады. «Гастрольдеріміз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына бастамашылық етті. Әртістер қазақ халқының рухани құндылықтары, ұлт рухы бейнеленген ұлттық жәдігерлерді орындайды. Мақсатымыз - мәдениетімізге көпшіліктің назарын аудартып, Қазақстанға келуге ниет білдіретін жаңа достар мен өнер сүйер қауымға ие болу. Театр труппасы толық құрамда ұсынылады. Көрерменнің алдына «Астана Операның» Хоры да шығады. Театр мақтанышы - опера солистері мен балет әртістері - еңбегі сіңген халықаралық беделге ие, олар тұрақты түрде әлемнің үздік сахналарында өнер көрсетуде. Олар Еуразия кіндігінде орналасқан «Астана Опера» театры әртүрлі бағытта жұмыс жасай алатындығын көрсете отырып, еуропалық классиканы да орындайды», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедияров. Қазіргі таңда «Астана Опера» театрында үздік әртістер мен музыканттар тоғысқан, сонымен қатар труппа құрамында шетелдік әртістер де бар. Гастрольдік бағдарламаға атақты қазақстандық композиторлардың туындылары - Т.Қажығалиевтің «Дала аңызы», М.Төлебаевтың «Айтысы», «Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйі, Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» операсынан Қамар мен Ахметтің дуэті, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан «Қарлығаш» биі енген. Сонымен бірге Дж.Вердидің «Трубадур» операсынан граф Ди Луна мен Леонораның дуэті, Дж.Россинидің «Семирамида» операсынан Семирамиданың каватинасы орындалады. Кештің көркін «В мире есть красавица одна» атты мажар әні аша түсіп, Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Жерім менің» композициясымен концерт өз мәресіне жетеді. Концертке көптеген әлемдік сахнаны бағындырған солистер қатысады: қазақстандық опера дивасы, театрдың жетекші солисі Майра Мұхамедқызы - париждік «Гранд Операда» Қазақстан атынан шыққан алғашқы әрі жалғыз солист. Опера примасы Салтанат Ахметова - «Большая опера» телевизиялық жобасының жеңімпазы. Театрдың сөзсіз жарқын жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина әлемнің көптеген театр тыңдармандарының жүрегін жаулаған. Тыңдаушылар назарына ол Одабелла ариясын ұсынбақ. Керемет тенор Нұрлан Бекмұхамбетов  Ф.Легардың «Страна улыбок» опереттасынан ханзада Су Чонгтың ариясын ұсынбақ. Театр солистері Мәлика Минизини мен Бибігүл Жанұзақ Жак Оффенбахтың «Баркарола» әнін әзірлеуде. Сонымен қатар концертке опера репертуарын керемет орындаушылар мен «Астана Опера» театры балет труппасының шоқ жұлдыздары қатысады, олар: Бақтияр Адамжан - көптеген халықаралық байқаулардың жүлдегері, оның сахнадағы әріптесі - «Астана Операның» жетекші солисі, Борис Эйфманның Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет театрының шақырылған солисі Әйгерім Бекетаева, сондай-ақ сахна төріне «Астана Операның» жетекші балет солисі, Бордо театрының (Франция) шақырылған солисі Мәдина Басбаева және т.б. шығады. Дирижерлік пульт басында «Астана Операның» бас дирижері - әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаев, сонымен қатар Айдар Әбжаханов тұрады. Ұжым 22 желтоқсанда Печ қаласындағы алғаш өнер көрсетсе, 23 желтоқсанда әртістер мажар астанасы - Будапештте концерт береді.  

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера