Қаз   Рус

Қарағандыда таксист әйелді өлтірген қылмыскер 15 жылға сотталды

10 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 19 Янв 2018, 19:00

Әйел такси жүргізушісін өлтіріп, қылмыстың ізін жасырған Қарағанды облысының үш тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  Қаза тапқан Юлия Стонкус кикбоксингпен айналысқан. Үшеуі де кінәлі екендіктерін мойындады. Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев сотталушыларды кінәлі деп танып, бас бостандықтарынан айырды. «Сотталушы Сұлтан Плиевті ҚР ҚК 99-бабының 1-тарауы «Адам өлтіру», 200-бабының 1-тарауы  «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» және 188-баптың 1-тарауы «ұрлық жасау» бойынша айыпты деп танылды. 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді соттың үкімін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев. Сұлтан Плиев маскүнемдікке шалдыққан. Судья оған ішімдіктен мәжбүрлеп емдеуді тағайындады. Оның сыйбайластары Николай Щепковский мен Андрей Анисимов қылмысты жасырғандары үшін 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Плиев қаза тапқан әйелдің отбасына бір жарым миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Ал, екі жақтасы 500 мың теңге төлеуге міндеттелді.  Еске салайық, Ақтастағы такси қызметінде жұмыс істейтін Юлия Стонкус 28 қазанда Қарағанды маңындағы саяжай аумағынан өлі күйінде табылған еді. 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера