Қаз   Рус

Ақмола облысында төтенше жағдай жарияланды

21 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 17 Янв 2018, 13:30

Ақмола облысының 2 ауданында ақтүтек боранның салдарын жою бойынша төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, 2018 жылдың 11 қаңтарында болған бораннан Ерейментау ауданында 3 мектеп пен Балалар шығармашылық үйінің шатырлары көкке ұшса, 4 ауыл жарықсыз қалды. Қазіргі кезде, табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен ғимараттар тексеріліп, жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржының көлемі анықталды. Сондай-ақ жарықсыз қалған елдімекендерге электр энергиясы сол күні қайта қосылды. Ал Аршалы ауданында 5 мектептің шатыры бүлінсе, 1 мектептің шатыры толық жұлынып түсті. Бұл ғимараттарға да келтірілген шығын көлемі зерттеліп, ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы көлемі анықталды. Барлық білім ордаларында қар уақытылы тазартылып, сабақ процесіне кедергі келтірілген жоқ. Осыған байланысты Аршалы жəне Ерейментау аудандарының әкімдері табиғи сипаттағы жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Залал келтірілген нысандарды жөндеуге ақша қаражаты төтенше жағдайлар резервінен бөлінетін болады. Сондай-ақ айта кетейік, Ақкөл ауданында "ҚазАвтожол" ҰҚ-ның жөндеу шеберханасы ғимаратының шатыры бүлінді. Оны кəсіпорын өз қаражаты есебінен қалпына келтіретін болады. Целиноград ауданында электр жарығының өшіп қалуы бойынша 25 жағдай орын алды. Сол күні түнгі 22:00 дейін жарық қайта қосылды.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера