Қаз   Рус

Ақмола облысында оқушыны ұрған деген күдікпен ауыл әкімі жұмыстан шығарылды

29 қаралды
0
Понедельник, 26 Фев 2018, 11:30

Ақмола облысында оқушыны ұрған деген күдікпен Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров жұмысынан босатылды

Ақмола облысында оқушыны ұрған деген күдікпен Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров жұмысынан босатылды, деп мәлімдеді зардап шегушінің анасы Айгүл Бекжанова.

Оқи отырыңыз
Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

«Облыстың ішкі саясат басқармасында мәлімдегендей, аталмыш дерек бойынша (оның баласын ұру – ҚазТАГ) қызметтік тексеру жүргізілетін болады. Белгілі болғаны, Ж.Омаров Қорғалжын ауданы әкімінің м.а. Б.Сембаевтың өкімімен жұмысынан уақытша шығарылған», - деді ол жексенбі күні телефон арқылы ҚазТАГ тілшісіне.

Жасөспірімнің анасы еске салғандай, Қорғалжын орта мектебінің 8 класында оқитын ұлы Диастың бұл жағдайға тап болғаны туралы сол күні, 22 ақпанда білген.

«Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаров менің ұлым Диас Мұқан тұратын интернетқа келген. Сөйтіп басқа балалардың көзінше оны бетінен салып қалған. Соққыдан құлаған Диастың басы жәшіктің бұрышына тиген. Алайда әкімге ол аз көрінгендей, жерде жатқан баланы аяғымен бірнеше рет тепкен», - деді А. Бекжанова. Оған бұл туралы жағдайға куә болған балалар айтып берген.

Кейін белгілі болғандай, жақында мектепте Диас әкімнің баласымен төбелесіп қалған. Осылайша Ж:Омаров баласын ұрған баладан өшін алса керек, деп түсіндірді ол.

«Баламды Астанадағы ауруханаға апаруға тура келді. Ол жарақаттарын ауырсынып жатыр. Басы ауырады, иығы мен мойны да ауырады, үнемі жүрегі айниды. Нейрохирургтың қорытындысын күтіп отырмыз. Ертең бас ми сүйегінің томографиясын жасаймыз», - деді баланың анасы.

А. Бекжанова полицияға арыз жазғанын де жеткізді.

«Әкім кешірім сұрауға тырысты, бірақ маған оның кешірім сұрағанының несі керек ... Менің екінші ұлым да мектепке барғысы келмейді. Ол қорқады. Балаға қалай олай жасауға болады!» - деп түсінбей отыр анасы.

Бұл ретте құқыққорғаушылар болған оқиғаға әзірге құқықтық баға бермей отыр.

Еске салсақ, полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Істі тексеру Ақмола облысы прокуратурасының бақылауында.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.