Қаз   Рус

Алматының тау бөктеріне көпқабатты үй салу тоқтатылды

18 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 13 Дек 2017, 16:00

Елбасы тапсырмасынан кейін әл-Фараби көшесінен жоғары тау бөктерінде бірде бір көп қабатты тұрғын үй салынған жоқ. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2016 жылдың басында берілген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасынан кейін әл-Фараби көшесінен жоғары қарай көп қабатты үйлер салынған жоқ. Қалалық мәслихат депутаттары осы тапсырмаға сәйкес тау бөктерінде салынатын үйлердің биіктігі 12 метрден аспау қажет деген шешім қабылдаған болатын. Қала құрылысы кеңесінде осыдан кейін бірде бір жоба орындалған жоқ. Елбасы тапсырмасына дейін шешім алғандарға мониторинг жүргіздік. Біздің ауданда «Базис» компаниясының 7 қабатты үй салу жобасы бар еді, соны 3 қабатқа шегердік», - деді аудан әкім. Сонымен қатар, аудан әкімі 2017 жылы Бостандық ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында 10-нан астам жобалар мақұлданып, жүзеге асырылғанын айтты. «Биылғы жылы ауданымызда 14 жаңа балаларға арналған спорт алаңдары ашылды. Бірқатар көшелер абаттандырылды. Төл мәдениетімізді дәріптеу мақсатында жастар арасында «Жас өркен» фестивалі ұйымдастырылды. Бірқатар көшелердің атауы өзгерді. Өздеріңіз жақсы білетіндей біздің ауданның магистральды, басты көшелерінің бірі - бұрынғы Фурманов көшесіне Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі берілді. Бұл біздің қаламыз үшін, оның ішінде аудан тұрғындары үшін зор мақтаныш, үлкен абырой», - деді ол. Бекқали Торғаевтың айтуынша, 2017 жылдың қаңтар-қазан айларына сәйкес, Бостандық ауданында мемлекеттік кірістер көлемі 273,6 млрд. теңгені құрап отыр. «Жоспар 74,0% орындалды. Оның ішінде республикалық - 182,2 млрд теңге (67,0%) болса, жергілікті - 91,4 млрд. теңге (90%)», - деді әкім. Қазіргі таңда, Бостандық ауданында жалпы саны 44 ірі және орта, 884 кіші кәсіпорындар тіркелген. Алматы қаласы бойынша Бостандық ауданында кәсіпорын өнімдерінің үлесі 10,4% құрайды. «Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 119,9 млрд. теңгеге жетті. Былтырғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ 125% өсіп отыр (95,9 млрд. теңге)», -деді Б.Торғаев. Аудан әкімі баяндамасында Бостандық ауданында 24 836 кәсіпорын тіркелгенін, қазіргі таңда олардың 12 896 тұрақты жұмыс істейтінін айтты.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера