Қаз   Рус

Алматының прокуроры қызметінен қетті

17 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 31 Янв 2018, 17:00

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен тәртіптік теріс қылығы үшін Алматы қаласының прокуроры Ғабит Миразов лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таратылған ақпаратта Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы жұмысының қорытындысында қылмыстық және азаматтық процесте, қылмыстық жазаны атқару саласында, сондай-ақ атқару өндірістерінде заңдылықты қамтамасыз етуде айтарлықтай кемшіліктер анықталғандығы айтылған. Анықталған бұзушылықтар Бас прокуратураның Тәртіптік комиссиясында қаралған.

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен тәртіптік теріс қылығы үшін Алматы қаласының прокуроры Ғ.Миразов лауазымынан босатылды. Сондай-ақ қадағалау қызметін лайықты ұйымдастырмағаны, қылмыстық процесте жүйелі бұзушылықтарға жол бергені және сотта мемлекет мүддесін тиімсіз өкілдік еткені үшін Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Д.Сыздықов пен Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары А.Қожахметов атқарған қызметтерінен шығарылды», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мұнан бөлек, Ақтөбе облысының прокуроры М.Қайыбжанов, Ақмола облысының прокуроры Т.Тәшімбаев, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Б.Асылов, сондай-ақ бірқатар облыс прокурорларының орынбасарлары, оның ішінде Павлодар облысы прокурорының орынбасары Б.Мырзакеров, Алматы облысы прокурорының орынбасары С.Бакиров, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Ж.Еламанов, Атырау облысы прокурорының орынбасарлары С.Шалабаев, М.Төлеубаев, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары А.Досекенов, және Тараз қаласының прокуроры Б.Сейілханов пен Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы прокуроры Д.С.Қаражаспаев әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера