Қаз   Рус

Алматыда «жихадқа» шақырған қылмыстық топ ұсталды

19 қаралды
0
kaztag.kz
Вторник, 28 Ноя 2017, 19:00

Алматыда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды деп хабарлайды ҚазТАГ қалалық ІІД ресми өкілінің мәліметіне сілтеме жасап.

Қазір осы іске қатысты ҚР ҚК 256-бабы 1-тармағы бойынша (терроризмді насихаттау немесе террорлық акт жасауға ашықтан-ашық шақыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген ІІД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕКОВА ұсталған азаматтар – А.Жұмағұлов, О.Өміров және К.Әбішевке қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылданғанын айтты. 

Тергеу деректері бойынша, аталған адамдар тіркелмеген қоғамдық ұйымның атынан Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзу, халықты қорқыту және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтіру үшін іс-шаралар өткізуді ұйымдастырмақ болған.

«Өздерінің қылмыстық жоспарларын жүзеге асыру үшін күдіктілер үгіт материалдарын дайындап, сондай-ақ қарулы «жихадқа» шақыратын видео хабар таратқан.

«Күдіктілер анонимді бейнеүндеуде беттеріне бетперде киіп, Қазақстанда тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік партиясының символикасы мен қару-жарақ қолданған. Қазір қару-жарақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр. Бейнеүндеуде ұсталған азаматтар заңға қайшы жаппай іс-әрекеттер жасауға шақырған», – дейді ІІД ресми өкілі.

Сондай-ақ, ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша іздестіру барысында тергеу материалдарына қоса, насихаттық қағаз, электрондық БАҚ, сондай-ақ діни әдебиет тәркіленген. Бұл заттар тиісті сараптамадан өткізілуге жөнелтілді.

Сонымен қатар, ІІД күдіктілер өз қызметінде азаматтардың көп бөлігін тартуға тырысып, пікірлес адамдар іздеп, жұмысқа шақырғанын хабарлады.

«Сонымен қатар, олардың іс-әрекеттеріне жауапсыздықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қорқыту бойынша шаралар қабылдауды жоспарлады - анонимді түрде қоңырау шалу, олардың өздеріне және олардың отбасыларына жаза қолданатындығы туралы сес көрсеткен бейнежазбалар жіберуді жоспарлаған. Тергеу барысында белгілі болғанындай, аталған топ шетелде қашып жүрген қылмыстық элементтердің кеңесі бойынша әрекет еткен», – деп қорытты Әзірбек.   

 Қазіргі таңда Жұмағұлов, Өміров пен  Әбішев Алматы ІІД тергеу абақтысына жабылды. Қылмыстық топтың өзге қатысушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселе шешіліп жатыр. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера