Тәуелсіздік күніне орай Н. Назарбаев даңғылындағы 160 үй мен 33 мекеменің тақтайшалары ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазТАГ Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
С. Нұрмағамбетов көшесіндегі 115 тұрғын үй мен 11 мекеменің, Р.Бағланова көшесіндегі 136 үйдің, Т. Бигельдинов көшесіндегі 24 үйдің тақтайшалары жаңартылатын болды.
“Көшелердің тақтайшаларын ауыстыру бірыңғай стандарттарға сәйкес жүргізіледі”, – деп түсіндірді Алматы қаласының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өкілдері.
Бұл бастаманы қалалық маслихат депутаттары Мұрат Әділханов, Вячеслав Банщиков және Владислав Ли қаланың бірнеше көшесінің тақтайшаларын ауыстыруды ұсынды, деп айтылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 30 қарашада Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерген еді.