Қаз   Рус

Алматыда Әбілязовтың сыбайластары болуы мүмкін деген 4 адам ұсталды

17 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 08 Дек 2017, 13:15

Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ведомствоаралық жедел тергеу тобы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері банкир Мұхтар ӘБІЛЯЗОВТЫҢ сыбайластары болуы мүмкін деп күдік келтіріліп отырған 4 адамды ұстады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы хабарлады.

Алматыда 13 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ведомствоаралық жедел тергеу тобы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-шы (ұрлау) және 193-ші (заңдастыру) бабымен қарастырылған қылмыстық әрекеттерді жасады деген күдікпен И.ЕРІМБЕТОВ, В.СОКОЛЕНКО, Д.ПЕСТОВ пен М.ЗОРОВ атты азаматтарды ұстады. Аталған азаматтар мен олар басқаратын компаниялардың Әбілязовтың банктен ұрлаған 50 млн доллардан астам қаржысын заңдастыру ісіне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тергеушілер сондай-ақ И.Ерімбетовке өзінің бақылауындағы «SKY SERVISE» ЖШС-сы арқылы 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысын жымқырды деген күдік келтіріп отыр. Сондай-ақ Ерімбетов пен оның сыбайластары қазақстандық құқық қорғау органының өкілдерінен қашып, шетелде бой тасалап жүрген азаматтардың мүддесі үшін бірлесіп әрекет еткен. Олардың бірі осы кезде Бельгияда жүрген Ерімбетовтың туған әпкесі - Ботагөз ДЖАРДЕМАЛИ. Ол Мұхтар Әбілязовтың кеңесшісі және қолдаушысы. Джардемалидің «БТА банк» тарапынан 500 млн АҚШ доллары көлеміндегі қайтарымсыз несие беру ісіне тікелей қатысы бар. 2013 жылы оған ҚР Қылмыстық кодексінің 28, 176 және 220 баптарында қарастырылған қылмыстық әрекеттерді (сеніп тапсырылған мүлікті ұйымдасқан қылмыстық топтың көмегімен ірі көлемде иемденіп алу немесе талан-таражға салу) іске асырды деген айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған болатын. ҚР ҚПК-нің 128 бабы бойынша Ерімбетов, Пестов, Соколенко және Зоров Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің тергеу изоляторына қамалды. Сот оларды қамауға алуға және мүліктеріне тоқтам салуға санкция берді.

«Тергеу қызметі Ерімбетов, Пестов, Соколенко мен Зоровтың білікті қорғау шараларымен қамтамасыз етіліп, қамауда болу талаптарының толық сақталғандығын ресми түрде жария етті. Процессуалдық нормаларды бұзу жөнінде шағымдар күдіктілерден де олардың қорғаушыларынан да түскен жоқ. Оларға ешқандай қысым көрсетілген жоқ және олар тергеу жұмыстарына белсенді көмек көрсетуде»,-делінген хабарламада. «Жалпы қашқын қылмыскерлер М.Әбілязов пен Б.Джардемалидің туған-туыстары мен күдіктілерді және өздеріне бағынышты азаматтарды пайдалану арқылы тергеу шараларын әдейі бұрмалауы, оны саясиландыруға деген талпынысы олардың жауапкершіліктен жалтаруға деген кезекті ұмтылысы болып табылады»,- дейді Ұлттық бюро өкілдері.

  Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/almatyda-abilyazovtyn-sybaylastary-ustaldy_a3094446

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера