Қаз   Рус

Алматыда арнайы операция кезінде ұсталғандардың бірі қамауға алынды

15 қаралды
0
Tengrinews.kz
Четверг, 16 Ноя 2017, 09:30

Cот Алматыдағы арнайы операция кезінде қолға түскен ер адамды қамауға алу туралы  санкция шығарды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін хабарлағандай, 2017 жылдың 12 қарашасында шамамен сағат 23.00-де Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданында арнайы операция жүргізіп, 1969 жылғы Әлеуханов Дәурен Тұрсынұлы мен 1994 жылы дүниеге келген Шалабаев Марлен Кантайбековичті қолға түсірген еді. Екеуі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болып шыққан. Ұсталғандардың көліктерін тексеру барысында жарық-дыбыстық автомат, пышақ, сондай-ақ, бронды кеудеше тәркіленген болатын. Сот Әлеуханов Дәуренді екі айға қамауға алды. Ал екінші күдікті сотта болмады. Әлеухановтың айтуынша, қолға түскеннен кейін асфальтта бір жарым сағат жатқан. "Мені суық асфальтқа бір жарым сағат бетіммен жатқызып ұстады", - деді ол. Қолға түскен ер азаматтың қорғаушысы полицейлердің мәліметтерін жоққа шығарып, бұлтартпау шаралары негізінде соттан шешімін өзгерту туралы сұрады. Ал өз кезегінде прокурор жүргізуші орындығының астынан әскери Ф-1 гранатасы табылғанын айтты. "ҚР Қылмыстық Кодексінің 287 бабы 3 тармағы бойынша (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сотқа дейінгі тергеу органы Әлеухановты қамауға алу туралы санкция шығаруды сұрайды", - деді прокурор. Күдікті сот шешіміне қатысты жауап беруден бас тартты.
 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера