Қаз   Рус

Алматы метросындағы «Достық», «Сарыарқа» бекеттерінің құрылысы жалғасады

14 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 14 Дек 2017, 16:30

Алматы метросындағы «Достық»,«Сарыарқа» бекеттерінің құрылысы одан әрі жалғасады. Бұл туралы Алматы қаласының мәслихаты бекіткен 2018 жылғы бюджетінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматыда VI шақырылымдағы қалалық мәслихаттың XXV-ші сессиясы барысында қаланың 2018 жылғы бюджеті бекітілді. Келер жылғы бюджетте Алматы метросының «Достық»,«Сарыарқа» бекеттерінің құрылысын одан әрі жалғастыру қарастырылған.

«Жаңа бекеттер іске қосылғанда жолаушы легі 1,5 есеге артып, жылына 18 млн жолаушы тасымалданады. Келер жылы инвесторды  анықтау бойынша конкурс өтеді, сонымен қатар ЖРК (жеңіл рельсті көлік - ред) жобасының аясында жұмыстар қолға алынады», делінген хабарламада. Сондай-ақ келер жылы қоғамдық көлік пен көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы да жалғасын таппақ. «Бұл екі бағытқа басымдық беріледі. Бюджеттегі барлық шығынның бестен бір бөлігі жұмсалады. Биылғы жылы қаланың автобус паркі  30%-ға жаңарды, 180 шақырымнан астам жол жөнделді. Келер жылы жоғары сапалы қызмет көрсететін жаңа автобустарға субсидия бөлінеді. 600 мыңнан астам тұрғынды жеңілдетілген кесте бойынша тасымалдау жалғасады. Бұлардан өзге, қалада сыйымдылығы жоғары автобустарда жолаушыларды экспресс-тасымалдау қайта  жаңғырады. Биылғы жылы BRT-ның алғашқы кезегінің 2,7 шақырым желісі жасалды, 2018 жылы жобаның екінші кезеңінің жобалық сметалық құжаттамасы жасалады», делінген хабарламада.

Мәслихат депутаттары бекіткен жобада қаланың тарихи орталығын қайта жасау жұмыстары жүргізіле беретіндігі көрсетілген. «Төле би көшесі - Достық даңғылы - Абай даңғылы - Есентай өзенінің жағалауы енген, яғни тарихи орталықтың 178 гектар жері қайта жөндеуден өтеді. Келер жылы 17 жаяу жүргінші аймағы абаттандырылады, халықаралық стандарт бойынша жасалып жатқан Республика алаңын қайта құру жұмыстары аяқталады. Қаладағы саябақтарды, скверлерді және жасыл аймақты дамыту үшін 2018 жылдың бюджетінен өткен жылмен салыстырғанда 6,3 есе көп қаржы жұмсалады», - делінген хабарламада. Алматыда 2018 жылы 500 ауланы жөндеу қарастырылған. Осылайша, абаттандырылған аулалар саны 33%-ға жетеді.  Айта кетерлігі, Алматыда соңғы екі жыл ішінде 732 аула алаңдары жөнделді. 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера