Қаз   Рус

Алматы әкімдігінің қызметкері 200 жүз теңге үшін сотталды

21 қаралды
0
Sputnik Казахстан
Понедельник, 20 Ноя 2017, 16:10

Алматыда 200 мың теңге пара алмақ болған әкімдік қызметкері екі жылға сотталды. Сотталған азамат күдікке ілінбес үшін әріптесін жемқорлыққа араластырған деп хабарлайды sputnik.kz  Алматы қалалық соты апелляциялық сот коллегиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Істің материалы бойынша, Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы қызметін атқарып жүрген сотталушы 2016 жылы маусымда тағылымгермен бірге ауданды аралап жүріп, тұрғын үйдің қасынан заңсыз салынған құрылысты анықтайды. Қала әкімдігінің өкілдері үй иесінен рұқсат қағазын көрсетуді сұрағанда, тиісті құжаттар жоқ болып шығады. 

Сол кезде бас маман мен тағылымгер үй иесіне заңсыз құрылыс дерегі бойынша ірі көлемде айыппұл салынып, ғимаратты өз қаражатымен қайта бұзатынын ескертеді. Ал үй иесі құрылысты заңдастырғысы келетінін айтқанда, бас маман 1000 доллар берсе, көмектесе алатынын мәлімдейді. 

Өзара келіскен соң, әкімдік қызметкері ізін жасыру үшін ақшаны тағылымгер арқылы беруді сұрайды. 24 маусымда тағылымгер мен үй иесі Алмалы ауданы әкімі аппаратының ғимаратында кездесіп, үй иесі параны 200 мыңға дейін төмендетуді сұрайды.

Тағылымгер шілде айында пара алу үстінде ұсталған, сол күні бас маман әкімдіктен жұмыстан шығып кетіпті. Тағылымгерді қылмыстық қудалау оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды. Бірінші инстанция соты бас маманды ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша үш жылға соттаған болатын. 

Апелляциялық коллегияда сотталған азаматтың адвокаты  Алматы қаласы жемқорлыққа қарсы қызметінің бұрынғы тергеушісін ҚР ҚК 362-бабы (билігін немесе лауазымын асыра пайдалану) және ҚР ҚК 105-бабы (өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған. Сот қаулысында көрсетілгендей, бұрынғы тергеушіге қатысты қылмыстық жауапкершілік мәселесі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, ешқандай құқықбұзушылық байқалмаған.

Кейінірек апелляциялық сот коллегиясы аудандық соттың үкімін өзгертіп, бас маманды пара алуға талпыныс жасау бабы бойынша 2 жыл үш айға соттады.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера