Қаз   Рус

Алматы, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жаңа прокурорлар тағайындалды

25 қаралды
0
kaztag.kz
Понедельник, 12 Фев 2018, 13:30

 Алматы, Ақтөбе және Павлодар облыстарында жаңа прокурорлар тағайындалды, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасынан.

«Елбасының келісімімен Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев Алматы қаласының прокуроры, Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды», - делінген дүйсенбіде жарияланған хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, прокурордың екеуі де 2016 жылдан бастап облыс прокуроры лауазымына Президенттік резервте тұрған.

Б. Жүйріктаев Алматы қаласы және Алматы облысы прокуратураларында түрлі қызметте, соның ішінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2013 жылдың қазан айынан бастап – Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары болып келген

Қ.Ә.Әбдіханов әр жылдары Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары прокурорларының орынбасары болып қызмет атқарған.

2017 жылдың шілде айынан – Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары.

«Сондай-ақ Бас прокурордың 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығымен Ақтөбе облысы прокурорының орынбасарлары болып Ғалымжан Ниязбекұлы Тлеубаев және Асқар Жейенайұлы Албытов, Ақтөбе қаласының прокуроры болып Рүстем Нәсіпқалиұлы Салкенов тағайындалды», - делінген хабарда.

Ғ.Н.Тлеубаев, А.Ж. Албытов және Р.Н.Салкеновтің прокуратура органдарындағы жұмыс тәжірибелері мол, 10 жылдан астам Орталық аппаратта қызмет етіп, прокуратура органдарының бірінші санаттағы кадрлық резервінде тұрған.

Жаңадан тағайындалған прокурорлардың барлығы бос лауазымдарға, соның ішінде Бас прокуратураның жылдық алқа отырысының қорытындысы бойынша босатылған лауазымдарға тағайындалды.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.