Қаз   Рус

Африканың 43 мемлекеті Қазақстанның даму моделін үйренуде

8 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 17 Ноя 2017, 13:30

Африка құрлығының мемлекеттік қызметкерлері Қазақстанның кәсіпорындары мен зауыттарын аралады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі БҰҰ Даму бағдарламасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астанада Қазақстан мен Африка құрлығындағы мемлекеттердің өзара тәжірибе алмасуы бойынша симпозиум өтіп жатыр. Шара аясында африкалық 43 мемлекеттің өкілдері Қазақстанға келіп, экономикалық өркендеу мен дамудың қазақстандық моделін зерттеп жатыр.

Симпозиум барысында қатысушылар Шығыс Еуропа мен посткеңестік елдердің дамуына, сондай-ақ экономикалық диверсификациялар мен құрылымдық транформация мәселелеріне ерекше маңыз берген. Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде Африка елдерінің мемлекеттік қызметкерлері Қазақстанның негізгі инновациялық-индустриялық кәсіпорындарын аралауға мүмкіндік алған. Атап айтқанда, меймандар «Тұлпар - Тальго» жолаушылар вагондарын шығаратын зауыттың, күн панельдерін өндіретін «Астана Солар» компаниясының, LED шамдар шығаратын «Астана Лед» компаниясының жұмысымен танысты. Африкалық қонақтар индустриялық кәсіпорындардың өнімділігіне таңданысын жасырмады. Ең бастысы, аталған кәсіорындарда шикізаттың 70 пайызы жергілікті өнім екені оларды тіпті қызықтыра түскен. Африкадан келген мемлекеттік қызметкерлер көптеген сұрақтарын қойып, қазақстандық өнімді экспорттауға қатысты сауалдарына жауап алды. «Маған вагон өндіретін зауыттың жұмысы өте ұнады. Ең қызығы, дәл сол зауытта ерлермен тізе қосып, нәзік жандылардың да еңбек етіп жүргені қызықтыра түсті. Әйелдер әкімшілік салада ғана емес, өндірістік салада да көп екен», - дейді Ботсвана мемлекетінің Инновациялар мен даму министрлігінің өкілі Розина Бонци.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера