Қаз   Рус

Солтүстік Қазақстан облысы мен Фуджейра араб әмірлігі бауырлас ел болады

10 қаралды
0
kaztag.kz
Вторник, 23 Янв 2018, 08:30

Солтүстік Қазақстан облысы мен Фуджейра араб әмірлігі бауырлас ел болады, деп хабарлады СҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

«Солтүстік Қазақстан облысы Фуджейра араб әмірлігі бауырлас ел болады. Ол туралы меморандумға СҚО делегациясының Біріккен Араб Әмірлігіне сапары аясында қол қойылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов бастаған делегация құрамында мемлекеттiк органдардың, ұлттық компаниялардың, қаржы институтарының, оқу орындарының өкiлдерi және кәсiпкерлер болды. Сапар барысында бірқатар меморандамға қол қойылып, бизнес-форум өтті.

«СҚО делегациясы әмiрлiктегi бірқатар өндiрiс ошақтарын аралады. Сапар аясында өңiр басшысы Фуджейраның билеушiсi шейх Хамад бен Мұхаммед Əл Шаркимен кездестi. Қос тарап тығыз әрiптестiк орнатуға ниет бiлдiрдi», - деді әкімдікте.

Сонымен, СҚО инновация, бидай экспорты, мал шаруашылығы, туризм және көлiктiк-логистикалық торап құру бойынша тиiмдi экономикалық ынтымақтастық ұсына алады.

«Кездесу барысында екі жақты құжаттарға қол қою салтанаты өтті. Атап айтсақ, СҚО мен Фуджейра әмірлігі арасындағы бауырлас қарым-қатынасты белгілеу туралы меморандумға, СҚО кәсіпкерлер палатасы мен Фуджейро сауда-өнеркәсіптік палатасы арасындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық меморандумына, «Солтүстік» ӘКҚ пен Fujairah National Group компаниясы арасындағы өзара қарым-қатынас меморандумына, СҚМУ мен Фуджейро университеті арасындағы өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық меморандумына қол қойылды», - деді баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, СҚО әкімі Қ.Ақсақалов бизнес-форум жұмысына қатысты. Ол өз сөзінде әмірлік пен облыстың іскери орта кездесулері мен келіссөздері Фуджейро мен СҚО арасындағы жемісті және өзара тиімді әріптестікке бастау болады деп атап өтті.

Фуджейра – БАӘ-нің толығымен шығыс жағалауында Оман шығанының жағында орналасқан жалғыз әмірлік. Әмірліктің экономикасы негізінен балық шаруашылығына, ауыл шаруашылығына және өнеркәсіпке негізделген.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера