ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Салық кодексіне қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы салық заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды», - делінген дүйсенбідегі ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарында.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы заңнаманы жаңа Салық кодексіне сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбәр заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Жаңа Салық кодексінің ережелерін қолданысқа енгізу мерзімдерін айқындайтын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңына қол қойды.