Қаз   Рус

Келесі жылы темір жол билеттері қымбаттайды

12 қаралды
0
kaztag.kz
Пятница, 29 Дек 2017, 12:00

 2018 жылы Қазақстанда бірқатар бағыттар бойынша темір жол билеттеріне арналған тарифтер өзгереді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Хабарда айтылғандай, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі алдағы жылы бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттерінің бағасын жоспарлы түрде көтеру туралы хабарлады. Бұл өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен байланысты және маршруттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр. Тарифтерді түзету күтілетін инфляция шегінен асып кетпейді.

Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі, деп күтілуде. Ал, 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.

Бұл бірнеше тасымалдаушының конкурсқа берген өтінімдеріне байланысты жасалып отыр. Ал, тасымалдаушы осы бағыттар бойынша кірістің азайып қалу тәуекелдеріне жауапты болады.

Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты.

Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал, автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды.

Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% -ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады.

Осылайша, алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера