Қаз   Рус

2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесі қалай есептеледі

21 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 14 Дек 2017, 08:30

Әйелдердің зейнет жасының ұлғаюына байланысты келер жылдан бастап Қостанайда 6 мыңнан астам әйел зейнетке кеш шығады. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде мәлім етілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептік орталығы Қостанай облыстық филиалының директоры Гүлсім Хасанованың сөзіне қарағанда, облыста 133 мың зейнеткер бар. Оларға өткен 11 айда 112 млрд теңгеден астам қаражат аударылды.

«Бұл қаржының 107 млрд теңгесі  республикалық бюджеттен, 4,5 млрд Әлеуметтік сақтандыру қорынан алынды. Өздеріңізге белгілі, келер жылы базалық зейнетақыны есептеу жұмыстарына өзгерістер енгізіледі. 1960 жылы туған әйелдер зейнетке  жарты жыл кеш шығады. Қазірге дейін өңірде мұндай санатқа кіретін 6 мың әйел бар», - деді Хасанова.

Мәселен, 1960 жылы туылған әйел 2018 жылдың тамыз айында зейнеткерлікке шығады, оның 1998 жылға дейін 17 жыл өтілі бар. Өткен 19 жылдағы жинақталған зейнетақы қаражаты 2,5 млн теңге, ал соңғы уақытта алған жалақы мөлшері 100 мың теңге болған делік.

Сөйтіп, БЖЗҚ-нан төленетін төлемдер 20 653 теңгеге тең болады, оған қоса мемлекеттің базалық зейнетақысы - 28 274 теңге төленеді.

Еңбек өтілі 36 жыл болғандықтан, 1998 жылға дейінгі 17 жыл үшін де 51 мың теңге міндетті зейнетақысын алады. Осылайша, оның толық зейнетақысы барлығы 99 927 теңге болады. Жиында мәлім болғандай, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ жүйеде белгіленген зейнетақыны ала алмайды.

Дегенмен бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандындырудың ең төменгі кепілдіктерін (базалық зейнетақы) алуға құқылы.

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера