Қаз   Рус

2017 жылы Қазақстанда инфляция 7,1 пайызды құрады

13 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 03 Янв 2018, 11:30

2017 жылы Қазақстанда инфляция 7,1 пайызды құрады. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ведомство мәліметінше, өткен жыл үшін баға азық-түлік тауарларына 6,5, азық-түлік емес тауарларына - 8,9, ақылы қызметтерге - 5,9 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың басынан (2017 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 28,7, тәтті бұрышқа - 28,6, басты пиязға - 28,2, сәбізге - 19,3, сиыр етіне - 15,3, қой етіне - 14,1, консервіленген сүтке - 11,6, сары майға - 11,3, кондитерлік өнімдерге - 10,7, мәйекті ірімшікке - 10,3, жылқы етіне - 9,8, жаңа ауланған балыққа - 9,4 пайызға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына 28, сарымсаққа - 25,6, қантқа - 19,5, қызанаққа, жұмыртқаға - 16, қиярға - 12,5, күнбағыс майына - 9,9, қырыққабатқа - 5,2 пайызға тіркелді. Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 10, автомобильдерге - 9,2, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 8,9, кітаптарға, киім және аяқ киімге - 8, тоқыма бұйымдарына - 7, фармацевтикалық өнімдерге - 6,6, газеттер мен журналдарға - 6,5, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 6,3, жеке қолданатын тауарларға - 6,2, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 5,8, тұрмыстық аспаптарға - 5,5 пайызды құрады. Дизель отыны 31,8, бензин - 17,6, тас көмір - 17,4, баллондағы сұйытылған газ - 8,6 пайызға қымбаттады. Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,9, құқықтық - 7, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 6,9, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8, қонақ үйлер - 6, қоғамдық тамақтандыру - 5,8 пайызға өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 9,6, қалааралық - 7,1, жолаушылардың әуе көлігімен - 4,6, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен - 0,2 пайызға артты. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 11,4, ыстық суға - 10,9, орталықтан жылытуға - 9,9, кәрізге - 9,1, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 7, суық суға - 5,1, электр энергиясына - 5 пайызға жоғарылады.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера