Қаз   Рус

16 желтоқсан күні Астанада қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

14 қаралды
0
ҚазАқпарат
Вторник, 12 Дек 2017, 08:00

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігі мерекесі күні Астанада қоғамдық көлігімен жүру тегін болады. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігі аппаратының кезекті отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат медиа орталыққа сілтеме жасап.

Астана қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов алдағы уақытта кейбір автобустардың қозғалыс бағыттары өзгеретінін атап өтті. Сонымен қатар ол 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнінің құрметіне елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктермен тегін жүретінін хабарлады.

Сондай-ақ кеңес барысында Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев қала көшелерін түнгі мезгілде жарықтандыру мен сыртқы жарнаманы орналастыратын орын ретінде ғимараттар мен үйлердің төбелерін пайдалануды ұсынды. Оның айтуынша, архитектуралық жарықтандырудың бірыңғай орталығын құру қажет және ол қашықтан басқарылуы тиіс.

Бұдан бөлек, Астана әкімі Әсет Исекешевке қала көшелерін қардан тазалау шаралары мен жылыту маусымының барысы, МЖӘ, Смарт-сити жобаларының жүзеге асуы, жанар-жағар май мен көмір нарығындағы қазіргі жағдай, «Сергек» бейне-бақылау камераларының жұмысы, бюджет қаражатының игерілуі және нысандарды туралы баяндалды. Өз кезегінде, Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Сабыр Жүсіпов елордадағы криминогендік жағдайдың тұрақты екендігін жеткізді.

«Қаладағы жалпы жағдай тұрақты. Өткен аптада әкімшілік жауапкершілікке 157 шетелдік, 13 ҚР-ның азаматы тартылды. Елден 30 шетелдік азамат шығарылды. Қабылдау-тарату орнына 20 шетелдік қамалды. 101 жүргізуші Вus Lane жолағымен жүргені үшін айыппұл төлеуге кесілсе, қоғамдық көліктің 18 жүргізушісі мен 1 такси жүргізушісі жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлімдеді Сабыр Жүсіпов.

Отырыс барысында, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы да сөз болды. Астана қаласы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Ермолдина мәлім еткендей, тұрақтандыру қорына қанттың 1500 тоннасы, күріш пен қарақұмық жармасының 500 тоннасы және картоптың 300 тоннасы сатып алынды.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера