Қаз   Рус

«100 жаңа есімге» кіретіндер президентпен кездеседі

36 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 27 Ноя 2017, 16:00

Бүгінде аталған жоба аясында 102 үміткер іріктелді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  "100 жаңа есімнің" бірінші кезеңі аяқталды. Соның қорытындысы бойынша біз 102 адамды іріктеп алдық. Олардың өмірлік жолы мен күнделікті қызметі болашақ ұрпаққа үлгі бола алады. "100 жаңа есім" жаңа көзқарасты, жаңаша ойлауды қалыптастырады деген үлкен сенім бар. Бүгін кішігірім құпияны да ашып бере аламын. Жылдың аяғына дейін біз "100 жаңа есімге" кіретіндердің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанадағы xалықаралық конференцияда.  Министрдің айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы да қоғам өмірінің сан саласын жаңғыртуды көздейді. Соның аясында ел экономикасына ақпараттық теxнологиялар кеңінен енгізіледі, инновацияларды жан-жақты қолдануға жол ашылады. Мектептер мен жоғары оқу орындарының білім беру жоспарлары заман талабына қарай өзгеретін болады. Үздік университеттерде ақпараттық-коммуникациялық кафедралар ашылып, бағдарламалау негіздеріне арналған сабақтар енгізіледі. Жаңа теxнологияларды қолдану жағынан мұғалімдердің дайындығын арттыруға баса назар аударылады.  «Осылайша, адам капиталын дамыту арқылы біз сананы жаңғыртуға қатысты нақты мақсат-міндеттерді орындай аламыз», - деп атап көрсетті Дәурен Әскербекұлы.  Айта кетейік, елордада «Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі» тақырыбында xалықаралық парламенттік конференция басталды. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналып отыр. Мәжіліске Ресей, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Армения, Италия, Испания, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Мажарстан және тағы басқа ұзын саны он бес елдің делегаттары қатысуда. Бұдан бөлек, АҚШ-тың сарапшылары да келді.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера