Атамбаевқа қарсы барлық масс-медианы іске қосып, кімге нені дəлелдегіміз келеді?
Өз аудиториямыздың миын ашытқаннан басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Біздің арналарды бəрібір күллі қырғыз көрмейді, радиомызды естімейді, сайттарымызды оқымайды. Өзімізге өзіміз бірдеңе дəлелдеп əуреміз.
Рас, Қырғыз президенті намысқа тиді. Бірақ, оған бір емес, бірнеше мəрте жауап берілді ғой. Одан кейін пропаганда машинасын іске қосудың қажеттілігін көрмей тұрмын. Біз Атамбаевқа қарсы уəж айтамыз деп қоғамның қырғыз халқына наразылығын күшейтіп жатқан тəріздіміз. Ертең базардағы қырғыз азаматтарына біреулер соқтықса қайтеміз? Керісінше болса ше? Меніңше, мəселе бір адамға қатысты болмай тұр. Екі халықтың бір біріне кектенуіне ұласа ма деп қауіптенемін. Ал бізге "айт" деп жатыр...
Байқаймын, ресми масс-медиа осы аптаны түгел Қырғыз президентіне арнайтын сияқты.
Дереккөз: Амангелді ҚҰРМЕТҰЛЫНЫҢ Facebook-тегі жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: forbes.kz