Қаз   Рус

Жерді құдалардан қорғау

63 қаралды
0
Қанат ТІЛЕУХАН
Пятница, 01 Дек 2017, 12:30

Мәжіліс мақұлдаған заңға сәйкес жер шетелдіктерге үйленген азаматтарымызға берілмейді

Мәжілісте 29 қараша күні жер дауынан кейін әзірленген кейбір заңнамалық актілерге жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Енді жаңа заң жобасы бойынша шетелдіктерге, өзге ел азаматтарымен некеде тұрған қазақстандықтарға, азаматтығы жоқ адамдарға жер беруге тыйым салынады. Әрине, парламенттің жоғарғы палатасыда мақұлдап Елбасы қол қойса.

Оқи отырыңыз
Мораторий жарияланса да жер сатылып жатыр

«Заң жобасында шекаралық белдеу мен шекара аумағында орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарына немесе шетелдік заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасының құрамында шетелдіктер бар заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады», - деп баяндады бүгін мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар МЫРЗАХМЕТОВ.

2016 жылы жер митингілерінен кейін Асылжан МАМЫТБЕКОВТЫҢ орнына келген Асқар Мырзахметовтың халықтың талабына сәйкес жерді шетелдіктерге беруді заңмен тыйуы жөн-ақ. Бірақ шетелдікке тұрмысқа шыққандарға қатыстың заңның зардабы қарапайым адамдарға тиіп кетпей ме? Әлде, министр қазақ азаматтары тек қана шетелдік инвесторлармен бас қосады деп ойлады ма екен.

Оқи отырыңыз
Шетелдікпен некедегі азаматтарға жер берілмейді

Естеріңізге салай кетейік, 2016 жылы жер кодексіндегі өзгерістерге қатысты Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Семей Алматы қаларында митингілер өткен еді. Артынша жер реформасы бойынша комиссия құрылылған болатын. Сол комиссия жұмысына араласқан ақын Мұхтар ШАХАНОВ аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті «Жер туралы» заңға еңгізуіміз керектігін айтқан.

«Жерді Қазақстан азаматтарына жалға беруге болады деп жатырмыз. Тек, бір мәселені қатаң түрде ескеруіміз керек. Бүгінгі таңда 24 мың қазақ қызы қытай жігіттеріне тұрмысқа шығыпты. Қыздарымыздың бұл үрдісі үлкен деңгейде жалғасып жатыр. Болашақта Қазақстан азаматшасына үйленген қытай күйеу балалар сан миллиондаған жерді жалға алып, қытай құдаларды қаптатса қайтеміз? Сондықтан аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек», — деген еді М.Шаханов.

Оқи отырыңыз
«Нұр Отанның» мүшесі деген атаққа бола билік партиясына бармас едім»

Ақын бұнымен тоқтамай шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтығынан айырып тастау керек деп айтып салды.

«Шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар азаматтықтан шығарылсын. Адамның құқынан гөрі бізге мемлекеттің қауіпсіздігі маңызды. Қазақстанның тұтастығы, бүтіндігі, болашағы маңызды. Қолдауларыңызды сұраймын!», — дегені бар ақынымыздың әлеуметтік желіде.

«Жиен ел болмас» деген Шахановтың шырылы үкімет мүшелерінің құлағына жеткен сияқты. Әйтседе қабылданған заңның орындалуы, олардың барлығына ортақ болуы қадағаланса дейсің.

Үкімет төстік жеп үлгермеген күйеу балалармен майдандасып жатқанда жер сатылып жатыр. Құрылтайшысы Нидерланды мемлекетінде орналасқан «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы 2016 жылы жер митингісі болып жатқанда жер телімінің меншік иесіне айналып алған. Бұл туралы жазған болатынбыз. Бқл жөнінде Теміртау қаласының әкімі Ғалым ӘШІМОВКЕ журналисттік сауал да жолдаған едік. Алайда жергілікті билік өкілі мардымды жауап қатпады.

Мәжіліс қабылдаған шетелдікке тұрмысқа шыққан азаматқа жер беруге тыйым салатын заң күшіне енді делік. Алайда ол заң орындала ма? Жоғарыда мысал еткен «митталдар» саны керісінше көбейіп кетсеші. Әгәрәки, кенеттен бақуатты құдалар пайда болып, құдалықтағы алыс-берісте жерімізге көз салса Лакшми МИТТАЛДЫ жарылқағандай жомарттық таныта салмаймыз ба?

Фото: inform.kz

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.