Қаз   Рус

«Түсіндіргіш мамандығы» жұқпалы екен

348 қаралды
0
Серік ӘБІКЕН
Суббота, 27 Янв 2018, 14:00

Қазір кіммен сөйлесе кетсең де саған бірдеңе түсіндіргісі келіп тұрады

Түсіндірушісі көп түсініксіз елде өмір сүріп жатырмыз, ә?!

– Астанадан келдік...

– Жай ма?

– Түсіндіру үшін...

– Алматыдан келдік...

– ?

– Түсіндіру үшін...

– А-а-а...

– Орталықтан ... түсіндіру үшін...

– Ә-ә-ә...

Оқи отырыңыз
Қоғам ұстаздарды құлақкесті құл етті

Осыдан кейін түсіндірушілер тобын күту, қошеметтеу басталады. Еттің майлысын, қонақүйдің жайлысын...

Кеудесінде орден-медалі жарқыраған түсініксіздерді әкімдер қойша қайырып, бір керемет залға қамап қояды. Қай түсіндіруші келсе де сол жылмыйған бала, жылтыр бет шал, кимешекті кемпір отырады. Түсіндіруші бірде лепіріп, бірде көпіріп сөйлейді, түсінушілер шыбындаған аттай бас шұлғып, шапалақ ұрумен болады. Айтқандарынан түк түсінбесе де қиқулап, алақан қызартып қайтады. Қызық, ә?!

Жыл сайын бір мәрте түсініксіз сөйлеп, соны түсіндіру үшін мыңдаған түсінікші топ құрып, түйсіксіздерге түсіндіруге қанша қаржы ысырап болады екен... Түсініксіз! Әуелі ақшаны уыстап шашып болсын. Сосын оны да түсіндіретін топтар құрылар...

Ең қызығы сол түсіндіруші топтардың арасында дана бастық, бала бастық, шала бастық, олардың орынбасарлары, белгілі қаламгер, атақты әнші, сүлей күйші, дүлей биші, дарынды журналист, қарымды шаруа, қарынды депутат, әйгілі демократ, т.б. бәрі жүреді.

Олардың алдында омалып отырған отар адам. Сонда апталап, айлап түсіндіргіш бөліп жүрген олардың, жиналып отырған жұрттың негізгі жұмысын кім істеп жатыр, а? Жерді кім қазады, егінді кім орады, малды кім бағады, елді кім басқарады... Әлде, Қазақстанда жиналыс өткізіп, түсіндіруден басқа шаруа жоқ па? Осылай отырған күйі-ақ отыз мықтыдан озып кетеміз! – дегенді түсінбей-ақ қойған жалғыз мен ба?! Мейлі, елді жиып алып төбесін нұқып әлде шұқып тесіп, ақыл "құйып" жатқан түсіндіргіштер жасасын! Бір білгендері бар болар.

Байқағаным «түсіндіргіш мамандығы» жұқпалы екен, қазір кіммен сөйлесе кетсең де саған бірдеңе түсіндіргісі келіп тұрады...

Фото: uvp-pvl.gov.kz.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.