Қаз   Рус

Түленнің түртпегі

2704 қаралды
0
Серік ӘБІКЕН
Суббота, 10 Фев 2018, 16:00

Депутат Гүлжан Қарағұсова «шок» болғанынан мен де шок болдым

Бүгіннің қаһарманы Гүлжана ҚАРАҒҰСОВА апайымыз екен. Министр кезінде: Бір сиыр, 5-6 тауығы бар адамға атаулы әлеуметтік көмек берілмейді, – деп сиырдың желінін қарап, тауықтың жұмыртқасын санап, елдің есін шығарған Қарақұсованың аяқ-асты оянғанына қайран қалдым?!

Оқи отырыңыз
«Түсіндіргіш мамандығы» жұқпалы екен

2016 жылы ғана «Пекин-Паласта» шалжиып жатқан депутаттарды қызғыштай қорып, «Қалай қамқорлық жасасаң солай жұмыс істейді», –деп шыр-пыр болған экс-еңбек министрі, былтыр наурызда депутаттардың жалақысын 700-800 мың теңге еткенде, күзде 640 млн теңге тағы бөліп, өз айлықтарын «біркелкі» еткенде асқан шешендікпен қорғай білген Мәжілістің қаржы және бюджет комитеті төрайымының халық ішінде 25-30 мың теңге айлық алатындар барын енді біліп «шок» болғанынан мен де шок болдым.

Мені қойшы, медицина саласы қызметкерлері, мұғалімдер тіпті талып түсе жаздады. Айналайын, депутатым-ай, – деп ақсарбас атауда. Жарайды ғой, елдің зарын айтып жатса неге сүйінбеске. Тек, еңбек саласын, бюджетті бақылауға жауапты болған кезде қайда қараған?! «Қалай қамқорлық жасасаң...» дегені енді ғана күшіне еніп жатыр ма? Ол кісіге қамқорлық жасағанымызға көп жыл болды ғой.

Мейлі, депутат ханымды бір Түлен түртіп, көзін ашты-ау. Айналайын, Түлентай, өзгелерін де бір-бір түртіп шықшы? Көп балалы отбасылардың тиыны «қырқылып» кеткенін, мектеп асханаларын буындырып, балалардың тамағын тартып алғандарын тағы біреуі біліп қалып, «шок» болсын.

Екі-үш күн түрткілесең сен де шаршарсың, аса сабырлы да салмақты, нұқымақ түгілі жер қозғалып жатқанда жыбыр етпейтін депутаттар да қайта тынышталар. Тынышталсын. Әйтпесе, осындай шырыл шыққан кезде тарап кететін жаман кеселдері бар. Сосын, улап-шулап қайта келіп алады. Тағы да: «Айлық көтер!» деп дау шығарады. Осылай отыра берсін. Зияны тимесе болғаны.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
- Все верно. Самое тяжелое это предательство мужа в такой ситуации. Задумываешься - стоит ли жить с человеком, на которого нельзя положиться.