Рухани құндылықтарымызды дәріптемейміз
Рухани жаңғыруды келеке етуге мәстірміз ғой. Бірақ, жақсы жақтарын өзімізге алуға жоқпыз. Әйтеуір, мазақтап қалуға ұстамыз бәріміз. Рухани жаңғыру деген ұлттық құндылықтарымызды түгелдеу ғой. Қазақ еліктегенге ұста халық, бірақ өзінің тамырынан ажырауға да өте бейім келеді.
Осы күні домбыра ұстаған баланы көрсек қуанатын болдық. Ал тау халқы ше? Өнер көрсету кезінде он қазақтың ішінде бір тау халқының өкілі тұрса, міндетті түрде лезгинка биленеді. Ал қазақтың балалары тақпақ айтумен шектеледі. Өзіміздің рухани һәм ұлттық құндылықтарымызды дәріптемейміз, ә? Бағаламаймыз.
Балаңыз домбыра тарта біледі ме? Атқа шабуды ше? Семсерлесу? Садақ ату? Асық ойнай ма? Нөлміз ғой, нөлміз.
Дереккөз: Ержан ТӘЛІПТІҢ Facebook-тегі парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: zhetysu-gazeti.kz