Театр, кино, циркке билет сатпақ түгілі мектеп маңына афишада ілуге болмайды
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаевтың мына сөзін республикадағы мектептерге іліп қою керек екен. Цирк келді деп екі сайқымазақтың шала нөмірінің арқасында бастауыш сыныптардан 300 теңгеден жинап алатын "әртістер" қаулап кетті.
"Қала мектептерінде де, балабақшаларда да ақша жинау мүлде тоқтатылсын. Театр, кино, цирк, концерт сияқты шараларға ақша жинамақ түгілі, территорияда афишаларын ілуге де тиым салынады. Афиша ілінетін қалада арнайы жерлер бар. Сонда ғана өздерін жарнамалауға болады"
Дереккөз: Серік Әбікеннің Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: stan.kz