Бағдарлама қабылдамай тұрып ойланбайды, өмірі осылай жарты жолдан тоқтатып тастайды
Ағылшын курсын бітірсек, тесттен өтсек, бізге В1 дәрежесі беріліп, қаңтардан бастап көтерме ақша төлеу жоспарланған еді. Бірақ бізді «байып» кетеді деп ойлады ма, министрлік оқып жатқан курсты тоқтатуға бұйрық берді. Біз енді бітіруге 3 апта қалғанда, А2 дәрежелі ағылшынмен үйге қайтатын болдық. Қалғанын қаңтарда, не ақпанда оқимыз-мыс.
Мен сіздерге айтайын, тест шешу, ағылшынша анау-мынау шешу қиын емес. Ең қиыны ағылшынша сөйлеу болып тұр. Сөйлеген сөзді ұғу да қиын. Ағылшынша 20 сөз берілсе ағылшындар сөйлегенде арасындағы сөзді айтса да, айтпаса да естімейсің.
Ақша үнемдеудің «жолын» тапқан министірге рақмет. Барлығының жағдайын «ойлап» отыр.
Бағдарлама қабылдамай тұрып ойланбайды, өмірі осылай жарты жолдан тоқтатады да жүреді. Бізде тоқтамай бір сарынмен жүретін жүйе бар ма өзі?
Дереккөз: Мейіржан ТЕМІРБЕКТІҢ Faсebook-тағы жазбасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: bnews.kz