Астанадағы жаңа ауданға Қараөткел деп ат берсе
Астананың жаңа ауданы туралы.
Кеше бір жірден оқып қалдым: Астанада жаңа аудан құрылғалы жатыр екен. Кейбір пысықайлар оған Байқоңыр деп атауын да тауып қойыпты. Менің ойымша, бұл қателік! Байқоңыр дəл бүгін жаңалық пен жақсылықтың нышаны емес! Елордадан тарихының иісі аңқып тұруы керек. Астананың да киелі тарихы бар. Сондықтан ауданға я Қараөткел, я Ақмола деп ат берген абзал. Екі атау да көнеден келе жатқан қазақы діни-мəдени дəстүрден басталады. Астана түбі де қазақтың бір пантеоны, қасиетті аталарымыз жатқан жер. Кенесарының да Ақмола бекінісі үстіндегі қырышты садақпен атып арпалысуы осы себепті.Мен астаналық емеспін. Бірақ ел азаматы ретіндегі пікірім осы. Өзіме Қараөткел деген көбірек ұнайды.
Дереккөз: Айдос САРЫМНЫҢ Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.
Фото: inform.kz.