Қаз   Рус

Азғындықтан ақша табу – қылмыс!

239 қаралды
0
Марат БАЙДІЛДӘҰЛЫ
Пятница, 08 Дек 2017, 09:00

Жезөкше қыздар айына 300 мың теңге тапса, емханадағы дәрігер 65 мың теңге табады

Қазақстан өкінішке қарай әлемдік секс-қызметтің ірі орталықтарының біріне айналып барады. Әсіресе Алматыдағы туризмнің осы саласы шетелдіктерді қатты қызықтыратын көрінеді. Астана мен Алматыда, облыс орталықтарында түрлі сауналар, массаждық салондар, боди-массаж дей ме, спа дей ме, тай-массаж дей ме жауырын жазатын орындар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен.

Оқи отырыңыз
Астананың 16 мектебінде санитарлық талаптар сақталмаған

Аида ЖЕКСЕНОВА деген блогер енді қызметтің бұл «түрін» заңдастыру қажет деп есептейді. «Әлгіндей массаж орындарында жезөкше қыздар айына 300 мың теңге тапса, емханадағы дәрігер 65 мың теңге табады. Егер заңдастырылса бюджетке «жеңіл жүрістілерден» қомақты қаржы түсер еді, бұл қыздарды секс-құлдыққа тап қылмау үшін де, олардың денсаулығын қорғау үшін де керек. Әрі оларды «крышевать» етіп, қыруар ақша тауып жүргендердің де жолын кесер еді» дейді әлгі блогер.

Өз басым мұндай сорақылықтарға жол беруге болмайды деп есептеймін. Бірақ қоғамда осындай проблема бары рас. Саин мен Сейфуллин көшесін торуылдаған жеңіл жүрісті қыздар интернетке көшіп алған дейді. Қыздардың амалсыз мұндай қадамдарға баруы көбіне материалдық жағдайдан. Еңбегіне сай лайықты жалақы бұйырмауы, тұрмыс тауқыметі, таусылмайтын проблемалар осындай теріс құбылыстарға итермелейді.

Халықтың экономикалық жағдайын көтеру арқылы рухани азғындауға жол бермеу мемлекеттің міндеті. Ал бізде кейбір депутаттардың бұл мәселеге іш тартуына қарағанда мемлекет алдағы уақытта жезөкшелікті заңдастыру арқылы азғындықтан ақша табуға ұмтылатын сияқты. Бұл Қазақстан сияқты мұсылман мемлекеті үшін масқара емес пе?

Дереккөз: Марат Байділдәұлы Facebook парақшасынан алынды. Автордың рұқсатымен жарияланды.

Фото: blog.bnkomi.ru

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
Дело «чёрных старателей» – КНБ vs МВД
- Вы бы летом туда приехали, сразу после задержания начальника полиции. по ночам вся степь от прожекторов сияла раскопки шли вовсю
13 лет на линии: ночной автобус № 3 остаётся надёжной альтернативой такси в Алматы
- Отдуши, оставили. 3 маршурут ,ведь этот маршурут многим экономит денги для тех кто ночию работают особенно молодеж ,ведь они. Рабоьают с фери обслужвание до последнего клиннта всякие бары кафе рестораны и другие всякие работы.
ЕНПФ объяснил, как работа в странах ЕАЭС учитывается при назначении пенсии
- Почему промолчали про учет стажа работы между государствами ЕАЭС до 1 января 1998 года, в договоре про это тоже написано. Или боитесь огласки, что в РК этот пункт договора игнорируют? А ну да, вы же пишите по материалам пенсионного фонда, а там этот пункт договора военная тайна... :)
В Алматы начат снос незаконного рынка Жетысу-Семиречье
- Такой хороший рынок,не надо ездить далеко на барахолку, можно все, практически все найти на этом рынке - вещи, продукты, стройматериалы, бытовую технику и т.д. Жаль если он тоже уйдет под снос.
Хроники Верного. "Секретные материалы" из старой папки
- Да, эта папка имеет огромную ценность. Я потомок из этой семьи, очень много конечно утеряно в советское время информации. Папа говорит что старики наши шепотом о тех временах говорили. Ушли те кто мог бы поведать всю историю семьи, а в воспоминаниях папы только фрагменты тихих разговоров. Хотелось бы посетить архив в Алматы и соединить не достающие фрагменты. Спасибо за то что с таким теплом поведали нам историю семьи Шахворостовых. Вера